https://sputnik.kz/20220505/ush-azamattygy-bar-ayel-qazaqstan-24649689.html
Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан шығарылды
Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан шығарылды
Sputnik Қазақстан
Ол 2017 жылы Канаданың, ал биыл Ресей азаматтығын алған 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T09:44+0500
2022-05-05T09:44+0500
2022-05-05T09:44+0500
қоғам
қазақстан
әйел
азаматтық
https://sputnik.kz/img/585/50/5855035_0:0:2768:1557_1920x0_80_0_0_069dbe439d959113ed0419ff1cef8f25.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Железин аудандық соты Қазақстан азаматтығынан бас тартпай, Канада және Ресей азаматтығын алған М. есімді тұрғынға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.Бұл факті әйел "Өрлітөбе" шекара бақылау бөлімінің өткізу пунктінде тексеруінен өту барысында анықталды.Әйел өз кінәсін толығымен мойындап, 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын, биыл наурызда Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын айтты. Бірақ заңды білмейтіндіктен, Қазақстан төлқұжатын тапсырмағанын жеткізді. Қазақстанда туыстары болмағандықтан, оны республика аумағынан шығаруды сұрады. Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзу") кінәлі деп танылды. Ол Қазақстан аумағынан шығарылды. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығынан айырылады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматы шет мемлекеттің азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұл туралы iшкi iстер органдарына немесе шекара қызметіне хабарлауға тиіс. Қазақстан Республикасының төлқұжаты және (немесе) куәлiгiн тапсыруға міндетті.
https://sputnik.kz/20220505/zheke-kualik-suret-tanday-24649554.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/585/50/5855035_0:0:2396:1797_1920x0_80_0_0_efc6a6b3c27ad3eba60ec5b6a932a361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әйел, азаматтық
қазақстан, әйел, азаматтық
Үш азаматтығы бар әйел Қазақстаннан шығарылды
Ол 2017 жылы Канаданың, ал биыл Ресей азаматтығын алған
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Павлодар облысының Железин аудандық соты Қазақстан азаматтығынан бас тартпай, Канада және Ресей азаматтығын алған М. есімді тұрғынға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.
Бұл факті әйел "Өрлітөбе" шекара бақылау бөлімінің өткізу пунктінде тексеруінен өту барысында анықталды.
Әйел өз кінәсін толығымен мойындап, 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын, биыл наурызда Ресей Федерациясы азаматтығын алғанын айтты. Бірақ заңды білмейтіндіктен, Қазақстан төлқұжатын тапсырмағанын жеткізді. Қазақстанда туыстары болмағандықтан, оны республика аумағынан шығаруды сұрады.
Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзу") кінәлі деп танылды. Ол Қазақстан аумағынан шығарылды.
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, Қазақстан азаматтығынан айырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан азаматы шет мемлекеттің азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұл туралы iшкi iстер органдарына немесе шекара қызметіне хабарлауға тиіс. Қазақстан Республикасының төлқұжаты және (немесе) куәлiгiн тапсыруға міндетті.