https://sputnik.kz/20220505/zheke-kualik-suret-tanday-24649554.html
Жеке куәлік алатын қазақстандықтар өздері суретке түсіп, ең әдемі фотосын таңдай алады
Жеке куәлік алатын қазақстандықтар өздері суретке түсіп, ең әдемі фотосын таңдай алады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар жеке куәлік пен паспорт үшін түсірілетін фотоның сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T09:35+0500
2022-05-05T09:35+0500
2023-08-11T11:42+0500
қоғам
сурет
жеке куәлік
https://sputnik.kz/img/108/58/1085819_0:185:5830:3464_1920x0_80_0_0_f2f1c5b1db6682ffa64ff437b0e4f031.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтарға паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу кезінде өздеріне суретке түсіп, ең жақсы фотосын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қазақстандықтар жеке куәлік пен паспорт үшін түсірілетін фотоның сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады. Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы ішкі істер министрлігімен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Айтуынша, қазір бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада осындай терминалдар Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады. Әбділдиннің ақпаратынша, былтыр Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2,4 миллионнан астам қазақстандық жаңа паспорт пен жеке куәлік алған. Қызмет жартылай автоматтандырылған, оны көші-қон полициясының қызметкерлері көрсетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/108/58/1085819_461:0:5197:3552_1920x0_80_0_0_7af649fea9ea9be91594340a6acb62c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сурет, жеке куәлік
Жеке куәлік алатын қазақстандықтар өздері суретке түсіп, ең әдемі фотосын таңдай алады
09:35 05.05.2022 (жаңартылды: 11:42 11.08.2023) Қазақстандықтар жеке куәлік пен паспорт үшін түсірілетін фотоның сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтарға паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу кезінде өздеріне суретке түсіп, ең жақсы фотосын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазақстандықтар жеке куәлік пен паспорт үшін түсірілетін фотоның сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады.
Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы ішкі істер министрлігімен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр.
"Ішкі істер министрлігі бізді толығымен қолдап отыр. Құжаттау терминалдары биометриялық жүйемен және адамға түсінікті интерфейспен жарақтандырылған. Клиенттер өздері суретке түсіп, ең жақсысын таңдап, көші-қон қызметкерлеріне өтінім жібере алады", - деді Әбділдин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, қазір бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада осындай терминалдар Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады.
Әбділдиннің ақпаратынша, былтыр Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2,4 миллионнан астам қазақстандық жаңа паспорт пен жеке куәлік алған.
Қызмет жартылай автоматтандырылған, оны көші-қон полициясының қызметкерлері көрсетеді.