https://sputnik.kz/20220504/politsiyaga-para-bergen-zhurgizushi-24641818.html
Ақтөбе облысында полицейге пара берген екі жүргізуші тергеуге алынды
Ақтөбе облысында полицейге пара берген екі жүргізуші тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл... 04.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-04T17:26+0500
2022-05-04T17:26+0500
2022-05-04T17:27+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
пара
полицей
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16323686_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_ebe41ea786059211c43896a2b63d86a1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында полицияға пара берген екі көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 3 мамырда Ақтөбе көшелерінің бірінде "Камаз" жүк көлігі тоқтатылған. 62 жастағы жүргізуші жол жүру ережесін бұзған. Тәртіпбұзушылық бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отыр. Сол үшін 30 630 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ Алға қаласының тұрғыны полицияға пара ұсынған. Ал тәртіп сақшысы арыз жазған. Жүргізуші тергеуге алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі ("пара беру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сол күні "Ваз 21102" жүргізушісі де полицейге пара беруге тырысқан. Бірақ ол да тергеуге алынды. Айта кетері, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі ықтимал.
https://sputnik.kz/20210105/Zheli-video-mangystau-politsey-15922139.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16323686_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_31d1a93e367e73612597bfb204f1a0c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, пара, полицей
ақтөбе облысы, пара, полицей
Ақтөбе облысында полицейге пара берген екі жүргізуші тергеуге алынды
17:26 04.05.2022 (жаңартылды: 17:27 04.05.2022) Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында полицияға пара берген екі көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 3 мамырда Ақтөбе көшелерінің бірінде "Камаз" жүк көлігі тоқтатылған. 62 жастағы жүргізуші жол жүру ережесін бұзған. Тәртіпбұзушылық бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отыр. Сол үшін 30 630 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Бірақ Алға қаласының тұрғыны полицияға пара ұсынған. Ал тәртіп сақшысы арыз жазған. Жүргізуші тергеуге алынды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі ("пара беру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сол күні "Ваз 21102" жүргізушісі де полицейге пара беруге тырысқан. Бірақ ол да тергеуге алынды.
Айта кетері, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі ықтимал.