Қоғам

Желіде тараған видеодан кейін маңғыстаулық полицейге айыппұл салынды

© SputnikҚазақстан полициясы, архивтегі фото
Қазақстан полициясы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рөлде отырған полицей әйелді байқамағанын айтып, бірнеше рет кешірім сұраған. Ал жеке көліктің мемлекеттік нөмірі – көрші елдікі

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында жеңіл көлік мінген полицей жаяу өтпе жолында тоқтамай, жолаушыны өткізбеген. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Желіде жолаушының өзі түсірген видео тарап кетті. Онда әйелдің көлік мінген полицейлерді түсіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірген.

"Маңғышлақта (қазіргі Маңғыстау ауылы – Sputnik) "пешеходтан" өтіп бара жатыр едім. Мына кісі басып кете жаздады", – дейді жолаушы.

Рөлде отырған полицей болса, әйелді байқамағанын айтып, бірнеше рет кешірім сұрайды. Ал жеке көліктің мемлекеттік нөмірі – көрші елдікі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, видеодағы оқиға 3 қаңтар күні Мұнайлы ауданында болған. Орталығы – Маңғыстау ауылы.

"Полиция қызметкері ВАЗ-2114 автокөлігін жүргізіп, жаяу өтпе жолында әйелді өткізбеген. Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 600-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, қызметтік тексеріс жүргізілді", – дейді құқық қорғаушылар.

Оқи отырыңыз: Жанболат Ағаділ өлімі: полиция қылмыстық іске қатысты ақпарат жариялады

Айта кетейік, осы бап бойынша 3 айлық есептік көрсеткіш (8 751 теңге – Sputnik) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Жаңалықтар
0