Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропада украин босқындарына қатысты жағдай ушығып жатыр

© AP Photo / Markus SchreiberБеженцы на украинско-польской границе
Беженцы на украинско-польской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Еуропада босқындарды қабылдағаннан кейінгі жағдай шиенелісіп жатыр. Ресей мен Украина арасындағы геосаяси дағдарыстың екі айы өткенде француздар наразылығы артты. Жағдай ушыққан кезде Украинадан кеуге бел байлағандарды уақытша қабылдауға дайын екенін мәлімдеген Бесінші республика азаматтары қазіргі туындаған проблемаларға шағымданып жатыр, деп жазды РИА Новости.
"Фигаро"басылымында жарық көрген мақала осы ахуалды айна-қатесіз сипаттады. Өйткені қазір француздардың коммуналдық қызметтер үшін төлейтін ақысы бірнеше есе өсіп, бірінші қажеттіліктегі заттарды сатып алуға арналған шығын да еселене түсті. Босқындардың француз тілін мүлде білмеуі жағдайды одан бетер күрделендіріп жатыр. Енді осы қиындықтарға шағымданудың бастауы қайда жатқанына тереңірек үңілсек, көп мәселенің мән-жайы анықталады.
Бастапқыда-ақ француздардың "мұның барлығы небәрі екі аптаға созылады деп ойладық, ол адамдарға кішкентай балаларға секілді күтім қажет болатынын білмедік, бұл көп шығынды қажет ететінінен бейхабар болдық" деген сияқты ақталу әрекеттерін есепке алған күннің өзінде украин босқындарына баспана ұсынуға келіскен француздардың сын-қаатері ешкімді елең қылмағаны анық. Өйткені мұның барлығы жалпыеуропалық қоғамдық пікірдің үгіт-насихат ықпалында болуының салдары.
Бұл үгіт-насихат әлемде қалыптасып жатқан шынайы ахуалды ескермей және мүлде қабылдамай, орыстарды агрессор ретінде, ал укриандерді сол агрессордың әрекетінен жапа шегіп, елінен безуге мәжбүр болған халық ретінде мойындауға ықпал етті. Сондықтан көбіне еуропалық үлгіде киінген және өзін еуропалықтар секілді ұстайтын, әсіресе, үй жануары бар жас азаматтар бұл мәселеде негізгі рөлге ие болды.
Человек заполняет бланк - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Қоғам
Қазақстанда босқын мәртебесін беру тәртібі бекітілді
"Саясаткерлер, оларға бағынысты медиа және осы медиа басшылары француздарға (жалпы еуропалықтарға) қатысты миллиондаған сириялықты қабылдауды қажет еткен кездегі әдісті қолданды. Еуропалық балақай секілді киінген суға батып кеткен үш жастағы Айлан Курдидің қолайлы ракурстан түсірілген суреті еуропалықтардың жүрегін жібітіп, жанашырлық танытуға итермеледі", - деп жазды мақала авторы.
"Дәл менің ұлым/немерем/жиенім секілді" деген қоғам реакция Германия мен Франция басшыларына миллиондаған сириялықтарды қабылдауға қатысты оң пікір қалыптастыруға көмектесті. Кішкентай баланың ауыр жағдайда көз жұмуы еуропалық қоғамдық пікірді билік пен саяси шешімдер мүддесінде пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан қазір бұл медиалық "оі-пікірге арналған бағдарламалық жасақтаманы" кез-келген үгіт-насихат науқанында қолдануға болады.
Қоғамды өздері қабылдаған шешімнің салдарынан туған жерінен безуге мәжбүр болған адамдарды құшақ жая қарсы алуға мәжбүрлеу қажет пе? Бұдан өткен оңай іс жоқ. Бар болғаны "ол адамдар дәл біз секілді, олардың киім киісі, жүріс-тұырысы бізге ұқсас, тіпті мысық пен балық та асырап алған" деген секілді ортақ сипаттамаларды ортаға салса жетерлік, деп жазылған материалда.
Бірақ босқындарды қабылдаған шаңырақ иелері ешқандай ортақ ұқсастық жоқ екенін, олардың тіл білмейтінін және орасан зор шығынды қажет ететінін анықтаған бір апта, ай немесе жарты жыл өткеннен кейін осы үгіт-насихатты жүргізгендер бұл проблемаға алаңдай қоймайды. Проблеманы дер кезінде анықтап біле алмау бүгінде еуропалық құрлықтық сыртқы саясаттағы негізгі проблема болып отыр. Сонымен қатар, туындаған проблемалар үшін жауапкершілікті асқаның мойнына арта салу да сәнге айналғандай.
Босқындарға жанашырлық таныту бір күні "таусылатын ресурс" екені, оларға жұмсалатын шығын шектеусіз емес екені туралы тезистер тым сирек жарияланады. Алайда, мысалы, Марсельде круиздік кемемен жеткен украиндерді қуана қарсы алып жатқан жергілікті халық туралы ақпарат мейлінше кеңінен таратылуда.
шартты сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Әлем
Украинадан қашқан босқындар саны бір аптада миллионға жетті
"Бірақ шамамен алты аптадан кейін ол кеме Жерорта теңізіне қайта оралуға тиісті болатын шақта 575 босқынның басына не күй түсетіні туралы ешкім тіс жармайды. Сол сияқты, Марсельде құлағалы тұрған баспана табудың өзі өте қиын екені де айтылмайды", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, еуропалық оптимизм шеңберінен тыс шығатын кез келген проблеманы дауыстап айту жөнсіз саналады. Себебі, бұл "Қош келдің, босқын" шарасының форматына жатпайды. Сондықтан еуропалықтарға үгіт-насихат арқылы міндетттелген бұл жауапкершілік шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың емес, әлем алдында көзге түсудің әрекеті секілді.
Жаңалықтар
0