https://sputnik.kz/20220413/qazaqstanda-bosqyn-martebesin-beru-tartibi-bekitildi-24173998.html
Қазақстанда босқын мәртебесін беру тәртібі бекітілді
Қазақстанда босқын мәртебесін беру тәртібі бекітілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа ереже осы жылдың 23 сәуірінен бастап қолданысқа енеді 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T12:14+0500
2022-04-13T12:14+0500
2022-04-13T12:18+0500
босқын
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15243579_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_61ee6edafa1706eb69b0fc3992093f23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстанда босқын мәртебесін тіркеу және беру ережелері бекітілді. Жаңа ереже 2022 жылдың 7 сәуірінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйырығымен бекітілді.Нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топтағы мүшелігіне немесе саяси көзқарасына байланысты қудалауға ұшыраған және басқа елден баспана сұраған адам босқын болып саналады.Босқын мәртебесін алу үшін азамат Қазақстанға келген күннен немесе ол республика аумағында болған кезде туындаған қиындықтар туралы білген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жеке өзі немесе құзырлы өкіл арқылы әкімдікке халықты жұмыспен қамту туралы жазбаша өтініш беруі қажет.Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылып, құжатқа баспана іздеуші мен аудармашы (аудармашы көмегі көрсетілген жағдайда) қол қоюы керек. Егер баспана іздеуші өтінішті қазақ немесе орыс тілдерінде өз бетінше толтыра алмаса, онда оны өтініш берушінің сөзімен аудармашы толтырады. Бұл ретте өтініш берушінің аударма сапасына қанағаттанаты туралы жазбаша өтніші қажет болады.Сонымен қатар адамның жеке басын куәландыратын құжат қажет.Өтініш түскен күні құжатты әкімдікте тіркейді. Дәл осы күні Қазақстанда бассауға іздеп жүрген азаматтың куәігі беріледі.Куәлік 18 жасқа толған шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға үш ай мерзімге беріледі. Кейіннен бұл мерзім тағы үш айға созылуы мүмкін.Бұл куәлік өзін босқын деп тануды өтінген шетелдік азаматтың, азаматтығы жоқ түлғаның Қазақстан аумағында болуының заңдылығын растайды.Бұл ережелер сондай-ақ өтінішті тіркеу және қарастыру тәртібін де анықтайды.Бұйрық 2022 жылдың 23 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.
https://sputnik.kz/20201019/kytay-kandastar-boskyn-15231918.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15243579_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_6fb8fbd259c7fe6d681674073d5d3c21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
босқын
Қазақстанда босқын мәртебесін беру тәртібі бекітілді
12:14 13.04.2022 (жаңартылды: 12:18 13.04.2022) Жаңа ереже осы жылдың 23 сәуірінен бастап қолданысқа енеді
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстанда босқын мәртебесін тіркеу және беру ережелері бекітілді. Жаңа ереже 2022 жылдың 7 сәуірінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйырығымен бекітілді.
Нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топтағы мүшелігіне немесе саяси көзқарасына байланысты қудалауға ұшыраған және басқа елден баспана сұраған адам босқын болып саналады.
Босқын мәртебесін алу үшін азамат Қазақстанға келген күннен немесе ол республика аумағында болған кезде туындаған қиындықтар туралы білген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жеке өзі немесе құзырлы өкіл арқылы әкімдікке халықты жұмыспен қамту туралы жазбаша өтініш беруі қажет.
Өтініш қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылып, құжатқа баспана іздеуші мен аудармашы (аудармашы көмегі көрсетілген жағдайда) қол қоюы керек. Егер баспана іздеуші өтінішті қазақ немесе орыс тілдерінде өз бетінше толтыра алмаса, онда оны өтініш берушінің сөзімен аудармашы толтырады. Бұл ретте өтініш берушінің аударма сапасына қанағаттанаты туралы жазбаша өтніші қажет болады.
Сонымен қатар адамның жеке басын куәландыратын құжат қажет.
Өтініш түскен күні құжатты әкімдікте тіркейді. Дәл осы күні Қазақстанда бассауға іздеп жүрген азаматтың куәігі беріледі.
Куәлік 18 жасқа толған шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға үш ай мерзімге беріледі. Кейіннен бұл мерзім тағы үш айға созылуы мүмкін.
Бұл куәлік өзін босқын деп тануды өтінген шетелдік азаматтың, азаматтығы жоқ түлғаның Қазақстан аумағында болуының заңдылығын растайды.
Бұл ережелер сондай-ақ өтінішті тіркеу және қарастыру тәртібін де анықтайды.
Бұйрық 2022 жылдың 23 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.