https://sputnik.kz/20220503/zhappay-tartipsizdik-qazaqstandyqtar-urlangan-340-mln-tenge-24613754.html
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандықтардан ұрланған 340 млн теңгенің мүлкі табылды
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандықтардан ұрланған 340 млн теңгенің мүлкі табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Құқық қорғау органдары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаматтардан ұрланған мүлікті табу мен тәркілеу жұмысын... 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T15:13+0500
2022-05-03T15:13+0500
2022-05-23T14:15+0500
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22526192_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_77252eeb4ab5ffb8736025af402a3e2f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Құқық қорғау органдары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаматтардан ұрланған мүлікті табу мен тәркілеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда полицейлер 340 млн теңгенің мүлкін тәркілеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қабылданған шаралар арқасында полиция қызметкерлері сомасы 340 миллион теңгеден асатын мүлікті тауып, тәркіледі", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.Мәселен, 5 қаңтарда Алматы облысының төрт тұрғыны Алматы қаласында "Кcell" АҚ филиалынан жалпы сомасы 3 млн 555 мың теңге болатын 27 ұялы телефон ұрлаған.Күдіктілер ұсталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, оң мінездеме және залалдың орнын толтырғаны ескеріліп, үш жылға бас бостандығы шектелді.Сондай-ақ ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.Барлығы 1 499 бірлік қару мен 35,6 мыңнан артық оқ-дәрі тәркіленді.Мысалы, Жамбыл облысы полицейлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында оқ-дәрісі бар екі "Калашников" автоматын сатпақшы болған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдікті қамауда отыр.Сонымен қатар, түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтар 145 бірлік қаруды өз еркімен тапсырған.
https://sputnik.kz/20220503/shymkent-koshe-kameralary-qiratqan-kudiktiler-ustaldy-24613041.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22526192_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_e10d6a2face5e636e7d05b3c5b6da4cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қазақстандықтардан ұрланған 340 млн теңгенің мүлкі табылды
15:13 03.05.2022 (жаңартылды: 14:15 23.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Құқық қорғау органдары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаматтардан ұрланған мүлікті табу мен тәркілеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда полицейлер 340 млн теңгенің мүлкін тәркілеген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қабылданған шаралар арқасында полиция қызметкерлері сомасы 340 миллион теңгеден асатын мүлікті тауып, тәркіледі", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Мәселен, 5 қаңтарда Алматы облысының төрт тұрғыны Алматы қаласында "Кcell" АҚ филиалынан жалпы сомасы 3 млн 555 мың теңге болатын 27 ұялы телефон ұрлаған.
Күдіктілер ұсталды. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, оң мінездеме және залалдың орнын толтырғаны ескеріліп, үш жылға бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Барлығы 1 499 бірлік қару мен 35,6 мыңнан артық оқ-дәрі тәркіленді.
Мысалы, Жамбыл облысы полицейлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында оқ-дәрісі бар екі "Калашников" автоматын сатпақшы болған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдікті қамауда отыр.
Сонымен қатар, түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтар 145 бірлік қаруды өз еркімен тапсырған.