Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Шымкентте көлік төбесіне шығып, көше камераларын қиратқан күдіктілер ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен бейнежазбалар қалпына келтірілді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Шымкентте екі күдікті қаңтар оқиғасы кезінде көше камераларын қиратқан. Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың көмегімен бейнежазбалар қалпына келтірілді. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
6 қаңтарда "Газель" автокөлігімен қала ішінде жүріп, Шымкент полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қиратқан екі күдікті ұсталды.
"Камералардың зақымдануы полицияның қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысын қиындатты, мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаған қылмыскерлерге назардан тыс қалуға мүмкіндік берді", - деді Қилымжанов.
Айтуынша, қазіргі таңда заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен бейнежазбалар қалпына келтірілген.
Камералар қалпына келгенге дейін "Газель" жүргізушісі кінәсін мойындамаған. Алайда бейнежазбадан ер адамның көлік төбесіне шығып, камераларды істен шығарғаны анық көрінеді.
Бұған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданғанын хабарлады.
Жалпы республикада жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 721 адам күдікті деп танылған. Оның ішінде 281-і қамауға алынды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды
Жаңалықтар
0