https://sputnik.kz/20220503/qantar-oqigasy-qyzylorda-sarbaz-24612085.html
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Күдікті әскери техниканың газ басқышына кірпіш қойып, әскери қызметшілерге қарай бағыттаған. Өзі көлік кабинасынан секіріп кеткен 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T14:32+0500
2022-05-03T14:32+0500
2022-05-23T14:15+0500
қаңтар
оқиға
сарбаз
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_84449d005a118c4e4b9053e78da5c8e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің біріне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.Ведомство ақпаратынша, 5 қаңтарда Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдікті мен оның сыбайластары Ұлттық ұланның КамАЗ жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан.Күдіктінің әрекеті терроризм актісі ретінде сараланды.Қайсаров отбасында жалғыз бала болған. Биыл ол тірі болса 20 жасқа толар еді.Бас прокуратураның ақпаратынша, қазіргі таңда қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданды.Жалпы ел бойынша жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 721 адам күдікті деп танылған. Оның ішінде 281-і қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20220107/Tartipsizdik-ulttyk-ulan-19086076.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094574_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5304b583fffc7580af1e33adb628970c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, оқиға, сарбаз
Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды
14:32 03.05.2022 (жаңартылды: 14:15 23.05.2022) Күдікті әскери техниканың газ басқышына кірпіш қойып, әскери қызметшілерге қарай бағыттаған. Өзі көлік кабинасынан секіріп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің біріне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.
Ведомство ақпаратынша, 5 қаңтарда Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдікті мен оның сыбайластары Ұлттық ұланның КамАЗ жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан.
"Кейін күдікті әскери техниканы айдап әкетіп, газ басқышына кірпіш қойып, көлікті әскери қызметшілердің қоршауына бағыттаған. Ал өзі КамАЗ кабинасынан секіріп кеткен. Көлік қатты жылдамдықпен әскерилерді қағып кетті, салдарынан солдат Қайсаров қаза тапты", - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Күдіктінің әрекеті терроризм актісі ретінде сараланды.
Қайсаров отбасында жалғыз бала болған. Биыл ол тірі болса 20 жасқа толар еді.
Бас прокуратураның ақпаратынша, қазіргі таңда қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жалпы ел бойынша жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 721 адам күдікті деп танылған. Оның ішінде 281-і қамауға алынды.