Өңірлер

Ақтөбеде сотталған ер адам науқас анасына бару үшін колониядан қашып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинКолония
Колония - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Жазылу
Қылмыскер апасының үйінен табылды. Сот оған тағы жаза кесіп, қатал режимді колонияға жіберді
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген 36 жастағы ер адам науқас анасына қашып кеткен.
"Диапазон" басылымының ақпаратынша, 36 жастағы ақтөбелік ауыр қылмысы үшін 8 жылға сотталған. Жазаның қалған мерзімін қоныс колониясында өтеп жүрген. Күндіз жұмысқа барып, кешке колонияға қайтатын. Бірақ бір күні ер адам колониядан қашып кеткен.
"Сотта ол анасы қатты ауырып қалғанын білгенін айтты. Анасы Шұбарқұдық ауылында тұрады екен, сотталушы түрме басшылығынан оған барып келуге рұқсат сұраған, бірақ оны жібермеген. Ақыры ол қашып кетуге бел буған", - деп жазады басылым.
Сотталушы Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдаған. Кейін анасының ауылына жетіп, содан соң апасының үйіне барған. Құқық қорғау органдары оны ұстап, қылмыстық іс қозғады.
Ер адам 4 айдан кейін бостандыққа шығуға тиіс еді, бірақ сот қашқаны үшін оны 1 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын колонияда емес, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2020
Қоғам
Павлодардағы колониядан қашқан сотталушы бір жылдан кейін астанада ұсталды
Жаңалықтар
0