Қоғам

Павлодардағы колониядан қашқан сотталушы бір жылдан кейін астанада ұсталды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiРешетка
Решетка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзінің кінәсін мойындаған сотталушы ешкімге ескертпей, Нұр-Сұлтандағы отбасына – азаматтық негедегі әйелі мен қызына барған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Павлодар облысының Шідерті ауылындағы қауіпсіздігі барынша төмендетілген мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушы өткен жылдың тамыз айында колония аумағынан кетіп, кешке қайтып оралмаған.

Айта кетейік, мұндай мекемеде жазасын өтеушілер колония аумағынан тыс жерде жұмыс істеуге құқылы.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің жедел қызметкерлері Екібастұз қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, қашып кеткен сотталушыны іздестіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бір жылдан астам уақыт бойы біз сотталушының тұрған жерін анықтай алмадық", – деп түсіндірді АП-162/10 түзеу мекемесінің бастығы Ербол Шәріпов.

Ал Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиева Sputnik Қазақстанға іздеуде болған 38 жастағы азаматтың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ұсталғанын хабарлады.

Қазір ол Павлодардағы тергеу абақтысында отыр.

"Ендігі жерде сотталушыны қауіпсіздігі барынша төмендетілген мекемеге қайтару үшін материалдарды сотқа жіберетін боламыз", – деді Шәріпов.

Алаяқтық әрекеті үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын сотталғанға дейін елордада тұрған. Бастапқы кезде ол Павлодар қаласындағы қауіпсіздігі орташа деңгейдегі екінші мекемеде жазасын өтеген. 2019 жылдың сәуірінде оның мекемені ауыстыру туралы жазған өтінішін сот қанағаттандырған.

Оқи отырыңыз: Төлешовтің ісі бойынша үкім: 21 жыл колония мен түйелерді тәркілеу

Жауап алу кезінде сотталушы өзінің кінәсін мойындады. Ол ешбір ескертусіз Нұр-Сұлтандағы отбасына – азаматтық негедегі әйелі мен қызына барған. Бұл кезге дейін ол әртүрлі мекенжайларда тұрып, қара жұмыс істеп күн көрген. Айта кетейік, қазіргі кезде Шідерті ауылындағы АП-162/10 мекемесінде 62 сотталған жазасын өтеп жатыр.

Жаңалықтар
0