Бас мүфти: Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды

© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметіНаурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайланды
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына үн қосып, мешіттерде атқарылған ізгі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосқан жандарға алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен құттықтады.
"Айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту", "қуанышқа топталу" деген мағынаны білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын!", - деді Наурызбай қажы.
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: "Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн..." дейді.
"Алла Тағала ұстаған оразамызды, мұқтаж жандарға үлестірген зекетіміз бен пітір садақамызды, берген ауызашарымызды қабыл етіп, мол сауап жазғай. Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда көңілі жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш сыйлауға тырыстық. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына үн қосып, мешіттерімізде атқарылған ізгі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосқан барша жомарт жандарға Алланың нұры жаусын деймін. Ізгі амалдарыңыздың жақсылығы мен сауабы арта түсуіне тілектеспін", - деді Бас мүфти.
"Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала баршамызды келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!", - деген тілегін жеткізді Наурызбай қажы.
Ұлық мейрам – Ораза айт басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0