Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© Photo : ummet.kzҰлық мейрам – Ораза айт басталды
Ұлық мейрам – Ораза айт басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Президент Қасым Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады
"Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды", - деді мемлекет басшысы.
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді.
"Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз. Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!", - деген тілегін жеткізді президент.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Ораза айт мерекесінде қандай амалдар жасау керек
Жаңалықтар
0