Оқиға

Алматыда екі қабатты супермаркет өртенді – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Алматыда Huseinoff супермаркетінің екі қабатты ғимаратынан өрт шықты.
Алматы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт сөндіру бөлімшелері 2 мамыр сағат 10.32-де Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 419а мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.
"Өрт сөндірушілердің алғашқы бригидасы жеті минутта жетті. "Huseinoff" супермаркетінің екінші қабаты мен төбесі лапылдап жанып жатқан. Газ-түтіннен қорғау қызметі тез арада ғимаратта адам бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында штаб ұйымдастырылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, соның ішінде екі АЛ-32 өрт автосатысы жұмылдырылды", - деп мәлімдеді департаменттегілер.
Тілсіз жау 28 минут ішінде ауыздықталып, 11:22-де толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Шығыс Қазақстанда екі орман алқабы өртеніп жатыр
Жаңалықтар
0