Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені азайту ұсынылды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтупроцент белгісі
процент белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта жеке тұлғамен жасалған шағын кредит ұсыну туралы келісімшарт және қамтамасыз етілмеген мүлік кепілі бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит көлемінің 25%-ін құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстанда кепілсіз кредит бойынша мөлшерлемені бірнеше есе қысқарту ұсынылды.
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сәйкес қаулы жобасын жариялады.
"Шағын кредит ұсыну бойынша жеке тұлғамен арада жасалған келісімшарт бойынша мына көлемде сыйақының шекті мөлшерін орнату ұысынылады: берілетін шағын кредит сомасын толық жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген берілетін шағын кредит сомасының 20%-і көлемінде; мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредит бойынша берілген шағын кредит сомасының 5,5%-і көлемінде", - деп жазылған құжатта.
Қазіргі уақытта жеке тұлғамен жасалған шағын кредит ұсыну туралы келісімшарт және қамтамасыз етілмеген мүлік кепілі бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит көлемінің 25%-ін құрайды.
Қаулының толық мәтіні "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға жатады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Қоғам
Алаяқтар енді бір күнде бірнеше банктен кредит ала алмайды – заң жобасы мақұлданды
Жаңалықтар
0