Әлем

Греция 1 мамырдан бастап коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастады

© AFP 2024 / Aris MessinisПляж на греческом острове Хриси
Пляж на греческом острове Хриси - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2022
Жазылу
Енді Грецияға келген жолаушыларға вакциналау паспортын немесе ПТР-тест нәтижесі бар анықтаманы көрсетудің қажеттілігі жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Греция 1 мамырдан бастап коронавирусқа қатысты енгізілген барлық шектеуді алып тастады.
Енді жергілікті тұрғындар да, туристер де ғимараттарға кіру үшін вакциналау паспорты немесе ПТР—тест нәтижесі бар анықтаманы көрсетпейді. Бірақ ғимарат ішінде бетперде тағып жүру талабы сақталады.
Сонымен қатар елде вакцина алмаған жұмысшыларға қойылатын талап та жеңілдетіліп жатыр. Ал екпе салғызбаған егде жастағы адамдар енді айыппұл төлемейді.
Туристер үшін "ковид" шектеулерінің күшін жою – уақытша қабылданған шара. Ол 1 мамырдан 31 тамызға дейін, яғни туристік маусым бойы күшінде болады.
Еске салсақ, Air Astana қазақстандық әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан гректердің Ираклионына ұшатын тікелей рейсті іске қосады.
Ұшулар дүйсенбі және сәрсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан және сейсенбі мен бейсенбі күндері Алматыдан Airbus A321LR әуе лайнері арқылы орындалады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Әлем
Қытай коронавирус жұқтыру бойынша антирекордты жаңарды
Жаңалықтар
0