https://sputnik.kz/20220411/qytay-koronavirus-zhuqtyru-antirekord-24115923.html
Қытай коронавирус жұқтыру бойынша антирекордты жаңарды
Қытай коронавирус жұқтыру бойынша антирекордты жаңарды
Sputnik Қазақстан
Вирус жұқтырғандардың көбі Шанхай қаласында тіркеліп отыр 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T09:06+0500
2022-04-11T09:06+0500
2022-04-11T09:06+0500
әлем
қытай
коронавирус
https://sputnik.kz/img/1364/97/13649748_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_60d72afa53f31b78098978c97698cbfd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қытайда жексенбі күні коронавирус жұқтырған 27 595 адам тіркелді. Бұл бір тәуліктегі рекордтық көрсеткіш. Індетке шалдыққандардың дені – Шанхайда, деп хабарлайды ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау істері жөніндегі комитет.Комитет мәліметінше, өткен тәулікте Қытайда COVID-19 инфекциясының 1 184 расталған жағдайы және 26 411 симптомсыз жағдай анықталды.Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі елдің шығысында орналасқан Шанхайда тіркеліп отыр. Жексенбі күні қалада 914 расталған жергілікті және 25 173 симптомсыз жағдай анықталды.24,9 млн халқы бар мегаполис билігі 28 наурыздан бастап індеттің қайта өршуіне байланысты локдаун жариялаған болатын.Биліктің жоспарына сәйкес, жаппай тестілеудің екі раундын өткізу және аурудың алдын алу үшін қажет локдаун екі кезеңнен тұруға тиіс еді: 28 наурыздан 1 сәуірге дейін – Хуанпу өзенінен шығыс пен оңтүстікке қарай; 1 сәуірден 5 сәуірге дейін – Хуанпу өзенінен батысқа қарай. Алайда індетке шалдыққандардың көбеюінен локдаун мерзімі ұзартылды. Әзірге оның қашан аяқталатыны белгісіз.
https://sputnik.kz/20220411/koronavirus-onir-tirkeldi-24114006.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1364/97/13649748_136:0:2867:2048_1920x0_80_0_0_c2524e83e7c5be74bbcc3a23de19a2f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, коронавирус
Қытай коронавирус жұқтыру бойынша антирекордты жаңарды
Вирус жұқтырғандардың көбі Шанхай қаласында тіркеліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қытайда жексенбі күні коронавирус жұқтырған 27 595 адам тіркелді. Бұл бір тәуліктегі рекордтық көрсеткіш. Індетке шалдыққандардың дені – Шанхайда, деп хабарлайды ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау істері жөніндегі комитет.
Комитет мәліметінше, өткен тәулікте Қытайда COVID-19 инфекциясының 1 184 расталған жағдайы және 26 411 симптомсыз жағдай анықталды.
Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі елдің шығысында орналасқан Шанхайда тіркеліп отыр. Жексенбі күні қалада 914 расталған жергілікті және 25 173 симптомсыз жағдай анықталды.
24,9 млн халқы бар мегаполис билігі 28 наурыздан бастап індеттің қайта өршуіне байланысты локдаун жариялаған болатын.
Биліктің жоспарына сәйкес, жаппай тестілеудің екі раундын өткізу және аурудың алдын алу үшін қажет локдаун екі кезеңнен тұруға тиіс еді: 28 наурыздан 1 сәуірге дейін – Хуанпу өзенінен шығыс пен оңтүстікке қарай; 1 сәуірден 5 сәуірге дейін – Хуанпу өзенінен батысқа қарай. Алайда індетке шалдыққандардың көбеюінен локдаун мерзімі ұзартылды. Әзірге оның қашан аяқталатыны белгісіз.