АҚШ-та торнада 100-ге жуық үйді қиратты – видео

Торнадо
Торнадо - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2022
Жазылу
Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Канзас штатында жойқын торнада жүріп өтті. Жергілікті билік төтенше жағдай режимін енгізді.
Әсіресе Андовер қаласына қатты зақым келді. Мұнда 100-ге жуық үй қираған. Он екі адам жарақат алды, қаза болғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.
Жергілікті билік төтенше жағдай режимін енгізді, 20 мыңға жуық ғимарат электр жарығынсыз қалды.
АҚШ Ұлттық мұхиттағы және атмосфералық зерттеулер басқармасының Дауылды болжау орталығы ұсынған дерек бойынша, жұмы күні 15 торнада тіркеліп, оның 14-і Канзас пен Небраскада, 1-еуі Флорида штатында болған.
2022 жылдың наурызынан бері АҚШ-та осымен екінші рет жойқын торнада соқты. Бұған дейін осы табиғат апатынан Оклахома мен Техас штаттары зардап шекті. 4 адам жарақат алып, 60-80 үй зақымдалды және 70 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.
АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы торнадо 18 адамның өмірін қиды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2017
Видео
АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы торнадо 18 адамның өмірін қиды
Жаңалықтар
0