Видео

АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы торнадо 18 адамның өмірін қиды

Жазылу
Кем дегенде 18 адам АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы торнадоның құрбаны болды. Джорджия, Флорида және Алабама штаттарына қатты дауыл тұрып, нөсер жауын құйды.

АҚШ президенті Дональд Трамп зардап шеккен штаттарға көмек көрсетуге уәде етті. "Торнадо жойқын, әрі күшті, олар (штаттар) қатты зардап шекті. Сондықтан біз көмектесетін боламыз", — деді Трамп Ақ үйдегі рәсімде. Джорджия штатында ТЖ режимі жарияланды. 


Жаңалықтар
0