Саясат

Тоқаев Жапонияның сыртқы істер министрін қабылдады

© Photo : ҚР президентінің ресми сайтыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяши
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяши  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастардың 30 жылдығы аталып өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшиді қабылдады.
Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшимаса Хаяшиге ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілету үшін оның бұл сапарының мәні зор екенін атап өтті.
"Жапония – еліміз үшін достас мемлекет. Біз екіжақты қатынастарды жоғары бағалаймыз. Биыл екі ел арасындағы қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – тарихи белес. Осы кезең ішінде конструктивті ынтымақтастық орнаттық, стратегиялық серіктестікті кеңейттік. Бұл өзара атқарған жұмыстың оң нәтижесі", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Жапониямен арадағы көпжақты экономикалық байланыстарды күшейтуге ниетті екенін айтты. Бұдан бөлек екі елдің БҰҰ аясындағы табысты ықпалдастығын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишиданы қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады. Мемлекет басшысының пікірінше, жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен әлеуетінің берік негізі бар.
Қазақстан мен Қытай туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Саясат
Қытай сыртқы күштердің Қазақстандағы тұрақтылыққа нұқсан келтіруіне қарсы
Өз кезегінде Ёшимаса Хаяши кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Министр Жапония үкіметінің Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестиция салалары бойынша өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда жапон компаниялары көп екенін атап өтті.
Бұдан бөлек әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. "Орталық Азия – Жапония" форматындағы диалогты одан әрі дамытудың маңызды екені атап өтілді.
Жаңалықтар
0