Саясат

Қытай сыртқы күштердің Қазақстандағы тұрақтылыққа нұқсан келтіруіне қарсы

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Қытай туы
Қазақстан мен Қытай туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Қытай әскери күштері қазақстандық тараппен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруға және әскерилер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға дайын екені айтылған
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесшісі, қорғаныс министрі Вэй Фэнхэмен кездесті.
Дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай кездесу 25 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтті, деп хабарлайды Қытайдың қорғаныс министрлігі.
"Соңғы жылдары төраға Си Цзиньпинмен жиі сөйлестім, бұл екі жақты қатынасқа қуатты серпін берді. Екіжақты қатынас бұдан да жетіле түсетініне сенемін. Қазақстан екі ел арасындағы әскери ынтымақтастыққа үлкен мән береді және екі елдің әскери күші келешекте де бітімгершілік операцияларда, бірлескен оқу-жаттығуларда, кадр даярлауда, әскери - техникалық және басқа да салаларда практикалық ынтымақтастықты нығайта береді деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Қытай қорғаныс ведомствосының басшысы Вэй Фэнхэ Тоқаев Қытай халқының бұрыннан келе жатқан досы екенін атап өтті.
"Қытай сыртқы күштердің Қазақстанда төңкеріске қасақана араласуына қарсы. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдауын қолдайды", - делінген ҚХР қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Бұл сапар Қазақстанның Қытай үшін маңызды екенін және көрші елдің берік қолдауын айғақтайды.
"Олар қандай қауіп-қатерлерге тап болмасын, Қытай мен Қазақстан өңірлік тұрақтылықты бірлесіп қорғайды және адамзат үшін ортақ болашағы бар қоғамдастық құруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қытай әскери күштері қазақстандық тараппен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруға және әскерилер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға дайын екені айтылған.
Жаңалықтар
0