Қоғам

Тоқаев Ассамблея сессиясында: қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШаңырақ, киіз үй
Шаңырақ, киіз үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Тоқаев қазақстандық БАҚ-тың міндеті отандастарымызды елдегі және әлемдегі жағдайынан жедел хабардар ету екенін айтты
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек", - деді президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
Тоқаев қазақстандық БАҚ-тың міндеті отандастарымызды елдегі және әлемдегі жағдайынан жедел хабардар ету екенін айтты.
"Біздің журналистер ұлтты Қазақстанның құндылығы төңірегінде топтастыру, мемлекет пен халқымыздың бірлігін нығайту бойынша маңызды миссияны атқарады. Қазір жалған ақпарат кеңінен таралады. Қазақстанға қатысты ұлттық бірлікті бұзу мақсатын көздейтін арнайы дезинформация бағыты бар. Біз бұл тұрғыда өте қырағы болуға және арандатушылыққа бой алдырмауға тиіспіз", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көпшілік алдында сөйлеген кезде Қазақстанның ұлттық мүддесін, қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуға шақырды.
Ассамблея сессиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Қоғам
ҚХА жанынан этномедиация оқу орталығы ашылады
Жаңалықтар
0