Қоғам

ҚХА жанынан этномедиация оқу орталығы ашылады

Ассамблея сессиясы
Ассамблея сессиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Президент Қазақстан халқы ассамблеясы медиация базасында кәсіби келіссөзшілердің бірегей институтын қалыптастыруға кіріскенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА жанынан этномедиация оқу орталығын құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қазақстан халқы ассамблеясы медиация базасында кәсіби келіссөзшілердің бірегей институтын қалыптастыруға кіріскенін атап өтті.

"Бұл жұмыс мақұлдауға лайық, бұл іске деген мүлде жаңа көзқарас. Аталған жұмысты нақты қолданбалы негізге қою қажет. Этномедиация оқу орталығын құрған жөн. Тұрақты оқыту курстарын ұйымдастырып, аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді дайындықтан өткізу керек", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында.

Президент ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым министрліктеріне Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен, ҚХА хатшылығымен бірлесіп, осы мәселеге қатысты жүйелі ұсыныстар беруді тапсырды.
"Ассамблея дайындаған медиаторлар қоғамда зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді іс-қимылға, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын алуға едәуір үлесін қосатынына сенімдімін", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың пікірінше, адам құқығын қорғау жұмысының жемісті болуы үшін ассамблея адам құқығын қорғау жөніндегі уәкілмен өзара тығыз жұмыс істеуі керек. Оның үстіне, бұл институт конституциялық реформаға сәйкес таяу арада конституциялық мәртебе алуы мүмкін, деді президент.
Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Саясат
Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды құру үшін не істеу қажет екенін айтты
Жаңалықтар
0