Экономика

"Самұрық-Қазына" компанияның сатып алуларына қатысты өзгертулер енгізді

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына""Самұрық-Қазына"
Самұрық-Қазына - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның сауда жасау ережелері қаржы министрлігімен келісілді, деп хабарлады қорда
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. 2021 жылы "Самұрық-Қазына" сауда жасау ережелерінде бір көзден сатып алуға арналған 34 негіздеме болды. Қазір қор оның санын 20-ға дейін қысқартты.
"Самұрық-Қазынада" атап өткендей, сауда жасау процесін жақсарту, сондай-ақ қор компаниялары арасындағы сауданы қысқарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар қаржы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
"Бәсекелес емес әдістер арқылы орындалатын саудада сатып алуды 41%-ке қысқарттық. Дәлірек айтсақ, 2021 жылы күшінде болған 34 негіздемені 20-ға дейін қысқарттық. Бұл бізге биылдың өзінде бәсекелес ортаға шамамен 400 миллиард теңге аударууға мүмкіндік берді", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ сауда жасау әдістемесі секторының меңгерушісі Юлия Архипова.
Ол 2021 жылы қордың сатып алуларына қатысты тоғыз құжат күшінде болғанын айтты. Олар түрлі үш деңгейде бекітілген.
Енді "Самұрық-Қазына" АҚ мен қор компанияларының барлық сатып алулары қаржы министрлігімен келісілген бір ғана құжат арқылы реттеледі.
Самұрық-Қазына қоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Экономика
"Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба қалдырды
Жаңалықтар
0