Экономика

"Самұрық-Қазына" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін желіде жазба қалдырды

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына""Самұрық-Қазына" қоры
Самұрық-Қазына қоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Сатқалиевтің айтуынша, Қазақстан азаматтарына Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі берілуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін желіде пост жариялады.
Ол қазір "Самұрық-Қазына" қорын реформалау бағдарламасының жобасы дайындалып жатқанын атап өтті. Айтуынша, қор конструктивті ұсыныстарын бөлісуге дайын азаматтармен диалог жүргізуде.
Жақын арада жоспарлар ашық дереккөздер мен корпоративтік сайтта жарияланады. Қор өкілдері қазақстандықтардың барлық сұрағына жауап береді.
"Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік пен жемқорлыққа қарсы күрес басты қағидаттар ретінде белгіленді. Қазақстан азаматтарына ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде Қор активтеріне иелік етуге тікелей қатысу мүмкіндігін беру, менің ойымша, бетбұрысты кезең болады", - деп жазды Сатқалиев желіде.
Айтуынша, қор бизнес процестер мен компаниялар тобында корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергетикасы және телекоммуникациялар нарығында өзара қарым-қатынас құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шара ұсынып отыр.
Сатып алулар жүйесін түбегейлі өзгертіп, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ-ты қолдау тетіктерін күшейту жоспарлануда.
Сатқалиев бұл мәселелер 26 қаңтарда ашық диалог форматында бизнес қауымдастықпен талқыланатынын жеткізді. Әлеуметтік желілерде онлайн трансляция жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" олқылықтарды жоюға бір ай уақыт берді
"Біздің бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оны сәтті енгізуге және орындауға дайынмын", - деп сендірді қор басшысы.  
Қазақстандықтар қорды реформалауға қатысты ұсыныстарын корпоративтік поштаға usynys@sk.kz жолдай алады.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының тиімділігіне күмән келтірді. Мемлекет басшысының айтуынша, қордың жұмысы ашық жүргізілмейді, сатып алулар жүйесі тиімсіз. Еңбек жанжалдары басылмайды, шығындары көп. Ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмейді.
Президент Қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырды. Тоқаев бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін, егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кететінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0