Дәрігер тамақ ауруын емдеу кезінде не істеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛекарственные препараты и градусник для измерения температуры
Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Дәрігер тамақ ауруын емдеу кезінде ыстық және салқын сусындардың қауіпті екенін ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Тамақ аруын емдеу кезінде "уды у қайтарады" деген ұстаным қауіпті, дейді медицина ғылымдарының кандидаты Александра Гусева.
Оның айтуынша, суық тию кезінде салқын ауамен тыныстау, балмұздақ жеу және мұзды су ішу өте қауіпті. Себебі бұл әрекеттер иммунитетті әлсірете түседі.
Алайда дәрігер аяз пайдалы болатын жағдай да кездесетінін айтты.
"Егер тамақтағы ауырсынуға шырышты көмейдің жарақаттан кейінгі ісінуі немесе мойын тіндеріндегі гематоманың асқынуы себеп болса, онда бұл жағдайда жарақат аумағына салқын компресс жасаған пайдалы болады", - деді дәрігер "АиФ" арнасына берген сұхбатында.
Маман мойын аумағын жылытудың салдары туралы да айтты.
"Егер инфекция үдесе, онда тіндердегі жоғары температура патологиялық процесті созып, бұл іріңдеу немесе бітеу жара түзілуіне алып келеді. Оны тек хирургиялық жолмен алып тастайды", - деді Гусева.
Сондай-ақ ол тамақты орта температурадағы арнайы дәрілік ерітінділермен шаюға кеңес берді.
Салат - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Денсаулық
Кардиолог әлемдегі ең пайдалы өнімді атады
Жаңалықтар
0