Денсаулық

Кардиолог әлемдегі ең пайдалы өнімді атады

© Photo : UnsplashСалат
Салат - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Бұл өсімдікке жұмыртқа қосса, әлемдегі ең пайдалы тағам болады, деді дәрігер
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Түрік кардиологы және терапевті Джанан Қаратай рауғашты әлемдегі ең пайдалы өнім деп санайды. Өйткені ол қант деңгейі мен қысымды бақылауға көмектеседі, сондай-ақ Альцгеймер ауруынан қорғайды, деп жазады Р-Спорт.
Дәрігердің айтуынша, бұл өсімдік бауырға, қалқанша безге және миға да оң әсер етеді.
"Оған жұмыртқа қоссаңыз, әлемдегі ең пайдалы тағам болады. Сонымен қатар, өсімдік антиоксиданттар мен дәрумендерге, соның ішінде С дәруменіне бай", — деді ол.

Рауғаштың қасиеттері

А, В, С, Е және К топтарының витаминдері бай;
иммун жүйесін нығайтады;
асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады;
теріні қалпына келтіреді.
Рауғаш - үлкен жапырақтары мен қалың тамырлары бар шөпті өсімдік, дәрі-дәрмек, компот пен шырын жасалады.
Жаңалықтар
0