https://sputnik.kz/20220428/otandyq-azyq-tulik-togzhanov-24517306.html
2025 жылға дейін халықты отандық азық-түлікпен 100% қамтамасыз етеміз – Тоғжанов
2025 жылға дейін халықты отандық азық-түлікпен 100% қамтамасыз етеміз – Тоғжанов
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні Қазақстан азық-түліктің тек 20 пайызын сырттан әкелуге мәжбүр 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T12:39+0500
2022-04-28T12:39+0500
2023-08-10T17:15+0500
қазақстан
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_65119a79be18bad37058f8e0c4849a99.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы үш жылда Қазақстан отандық азық-түлікпен өзін жүз пайыз қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер импортталған азық-түлік тауарларын 100% отандық өніммен алмастыру жобасы туралы айтты.Оның айтуынша, импортқа тәуелділікті жою үшін 900 инветисциялық жоба жүзеге асырылады.2022-2025 жылдары ауыл шаруашылығы саласына 650 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. 13 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны ашылады.Айта кетері, бүгінде Қазақстан азық-түліктің 6 түрі бойынша импортқа тәуелді. Олар: алма, шұжық, ірімшік, қант, құс еті және балық.
https://sputnik.kz/20220311/qazaqstan-un-qant-ministrlik-23457163.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381576_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_4fdba8ee7754f2e1a4888c13f5f5273b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, азық-түлік
2025 жылға дейін халықты отандық азық-түлікпен 100% қамтамасыз етеміз – Тоғжанов
12:39 28.04.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Бүгінгі күні Қазақстан азық-түліктің тек 20 пайызын сырттан әкелуге мәжбүр
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы үш жылда Қазақстан отандық азық-түлікпен өзін жүз пайыз қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер импортталған азық-түлік тауарларын 100% отандық өніммен алмастыру жобасы туралы айтты.
"Бүгінгі күні біз отандық өніммен өзімізді 80 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Тек 20 пайызын сырттан әкелуге мәжбүрміз. Сондықтан осы бағдарлама аясында 2025 жылға дейін импортталатын азық-түліктің 6 түрін толықтай жабуға мүмкіндік болады. Қантты ғана 80 пайыз деңгейінде қамтамасыз етеді. Қалғаны 100 пайыз отандық өнім болады", - деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, импортқа тәуелділікті жою үшін 900 инветисциялық жоба жүзеге асырылады.
2022-2025 жылдары ауыл шаруашылығы саласына 650 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. 13 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны ашылады.
Айта кетері, бүгінде Қазақстан азық-түліктің 6 түрі бойынша импортқа тәуелді. Олар: алма, шұжық, ірімшік, қант, құс еті және балық.