https://sputnik.kz/20220428/kokshetau-qarzhy-piramidasy-24507688.html
Жүзден астам адам алданған: Көкшетауда тағы екі қаржы пирамидасы "күйреді"
Жүзден астам адам алданған: Көкшетауда тағы екі қаржы пирамидасы "күйреді"
Sputnik Қазақстан
КӨКШЕТАУ, 28 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласының прокуратурасы заңға қайшы инвестициялық қызметке қатысты екі қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы... 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T07:46+0500
2022-04-28T07:46+0500
2022-04-28T07:46+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
КӨКШЕТАУ, 28 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласының прокуратурасы заңға қайшы инвестициялық қызметке қатысты екі қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің саны жүзден асады, жалпы шығын көлемі 125 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Көкшетау қалалық полиция басқармасы қаржы пирамидасын ұйымдастырған "Выгодное жилье" және MANSUR AUTO тұтыну кооперативтерінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қалалық прокуратура қылмыстық істі сотқа жіберді."Аталған тұтыну кооперативтерінің ұйымдастырушысы жеңілдетілген және тиімді шарттармен пәтер мен автокөлік береміз деген желеумен қала тұрғындарының ақшасын иеленген. Іс бойынша Көкшетау қаласының 22 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды, оларға 84 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген", - деп хабарлады прокуратура."Благодарю" деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оның айыпталушылары да қамауда отыр."Мұнда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар WhatsApp желісінде "Благодарю" атты топ ашып, онда қала тұрғындарына салынған ақшадан жылдам сыйақы беруді ұсынған", - деп түсіндірді қалалық прокуратура.Салдарынан 88 сенгіш азамат алаяқтық әрекеттің құрбаны болды. Оларға жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде залал келтірілген.
https://sputnik.kz/20220427/qarzhy-piramidasyn-zharnamalagan-artister-men-vaynerler-qylmystyq-zhauapqa-tartylady-24503122.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Жүзден астам адам алданған: Көкшетауда тағы екі қаржы пирамидасы "күйреді"
КӨКШЕТАУ, 28 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласының прокуратурасы заңға қайшы инвестициялық қызметке қатысты екі қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің саны жүзден асады, жалпы шығын көлемі 125 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көкшетау қалалық полиция басқармасы қаржы пирамидасын ұйымдастырған "Выгодное жилье" және MANSUR AUTO тұтыну кооперативтерінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Қалалық прокуратура қылмыстық істі сотқа жіберді.
"Аталған тұтыну кооперативтерінің ұйымдастырушысы жеңілдетілген және тиімді шарттармен пәтер мен автокөлік береміз деген желеумен қала тұрғындарының ақшасын иеленген. Іс бойынша Көкшетау қаласының 22 тұрғыны жәбірленуші ретінде танылды, оларға 84 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген", - деп хабарлады прокуратура.
"Благодарю" деп аталатын қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тағы бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оның айыпталушылары да қамауда отыр.
"Мұнда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар WhatsApp желісінде "Благодарю" атты топ ашып, онда қала тұрғындарына салынған ақшадан жылдам сыйақы беруді ұсынған", - деп түсіндірді қалалық прокуратура.
Салдарынан 88 сенгіш азамат алаяқтық әрекеттің құрбаны болды. Оларға жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде залал келтірілген.