https://sputnik.kz/20220427/qarzhy-piramidasyn-zharnamalagan-artister-men-vaynerler-qylmystyq-zhauapqa-tartylady-24503122.html
Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылады
Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылады
Sputnik Қазақстан
Депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заң жобасын әзірледі 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T17:58+0500
2022-04-27T17:58+0500
2022-04-27T17:59+0500
қаржы пирамидасы
әртіс
вайнер
қоғам
https://sputnik.kz/img/1419/46/14194623_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_843148ffd41ee8c1822a7efea467db33.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әртістер қылмыстық жауапқа тартылады. Парламент депутаттары тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қаржы пирамидаларының берген уәдесіне адамдар сеніп, соңғы ақшасын апарып береді. Сөйтіп аяғында қиын жағдайларға ұшырап жатады. Өткенде үлкен қиын жағдай болды. Бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне куә болдық. Сондықтан біз, парламент депутаттары, заң жобасын жасап шықтық. Таяу уақытта бұл заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.Оның айтуынша, заң қабылданса, қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Қошанов аталған заң биыл қабылданып қалуы мүмкін екенін айтты.Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын. Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазір оны іздестіріп жатыр.
https://sputnik.kz/20220420/meyirzhan-torebaev-zhauap-24324575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/46/14194623_291:0:1791:1125_1920x0_80_0_0_4701b30dc3bc94cc36493e76b229bc25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, әртіс, вайнер
қаржы пирамидасы, әртіс, вайнер
Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылады
17:58 27.04.2022 (жаңартылды: 17:59 27.04.2022) Депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заң жобасын әзірледі
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әртістер қылмыстық жауапқа тартылады. Парламент депутаттары тиісті заң жобасын әзірледі. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаржы пирамидаларының берген уәдесіне адамдар сеніп, соңғы ақшасын апарып береді. Сөйтіп аяғында қиын жағдайларға ұшырап жатады. Өткенде үлкен қиын жағдай болды. Бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне куә болдық. Сондықтан біз, парламент депутаттары, заң жобасын жасап шықтық. Таяу уақытта бұл заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, заң қабылданса, қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
"Қоғамға белгілі адамдар, әртістер, вайнерлер, әсіресе алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасаса, көмектессе, олар қылмыстық жауапқа тартылады", - деп нақтылады мәжіліс спикері.
Қошанов аталған заң биыл қабылданып қалуы мүмкін екенін айтты.
Еске салсақ, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын. Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазір оны іздестіріп жатыр.