https://sputnik.kz/20220420/meyirzhan-torebaev-zhauap-24324575.html
"Өзім де білмедім": Мейіржан Төребаев тағылған айыпқа жауап берді
"Өзім де білмедім": Мейіржан Төребаев тағылған айыпқа жауап берді
Sputnik Қазақстан
Блогер қаржы пирамидасына салған 10 миллион теңгесін қайтара алмағанын айтып, өзін жәбірленуші ретінде тануды талап етіп отыр 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T10:23+0500
2022-04-20T10:23+0500
2022-04-20T10:26+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22670478_0:180:2048:1332_1920x0_80_0_0_93e6118c40d4a9e759af8605d430b6ea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Вайнер Мейіржан Төребаев қамауға алынғанға дейін әлеуметтік желіде видео жариялап, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қалай кіріп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Актер қаржы пирамидасын ұйымдастырушы емес, зардап шегушімін деп отыр.Оның айтуынша, құрылтайшылар құрамы бұрын бекітілген. Артынан оны да қосқан. Бірақ блогер пайда таппадым дейді, керісінше өзі салған 10 миллион теңгені қайтара алмаған көрінеді.Блогердің сөзіне қарағанда, 2020 жылдың қазан айында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudarabah capital-ды тексеруге ұсыныс жасаған. Себебі қаржы пирамидасының белгілері анық байқалған. Вайнер компанияның заңсыз қызметін уақытында тоқтатпаған құқық қорғау органдарын айыптап отыр."Соның салдарынан біраз адам алданды. Мен өзім қиын жағдайға тап болдым", - деп атап өтті Төребаев.Қазіргі кезде блогер өзін жәбірленуші ретінде тануды талап етіп отыр.Айта кетері, Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын. Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазіргі кезде оны іздестіру шаралары басталды.
https://sputnik.kz/20220420/meyirzhan-torebaev-meyirkhan-sherniyazov-24323506.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22670478_0:175:2048:1712_1920x0_80_0_0_fbc0621cb705bacc9c05490bc88041d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
"Өзім де білмедім": Мейіржан Төребаев тағылған айыпқа жауап берді
10:23 20.04.2022 (жаңартылды: 10:26 20.04.2022) Блогер қаржы пирамидасына салған 10 миллион теңгесін қайтара алмағанын айтып, өзін жәбірленуші ретінде тануды талап етіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Вайнер Мейіржан Төребаев қамауға алынғанға дейін әлеуметтік желіде видео жариялап, Mudarabah capital қаржы пирамидасына қалай кіріп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Актер қаржы пирамидасын ұйымдастырушы емес, зардап шегушімін деп отыр.
Оның айтуынша, құрылтайшылар құрамы бұрын бекітілген. Артынан оны да қосқан. Бірақ блогер пайда таппадым дейді, керісінше өзі салған 10 миллион теңгені қайтара алмаған көрінеді.
"Мен Mudarabah-тың адал қызметіне шынайы сенгеннен кейін қатысуға шешім қабылдадым. Оған дейін компания мешіттер салған, қайырымдылық қызметпен айналысқан. Бұның барлығы көкейіме сенім ұялатты. Оның қаржы пирамидасы екенін білгенде ешбір ақшаға жарнама жасамайтын едім", - дейді Төребаев.
Блогердің сөзіне қарағанда, 2020 жылдың қазан айында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudarabah capital-ды тексеруге ұсыныс жасаған. Себебі қаржы пирамидасының белгілері анық байқалған. Вайнер компанияның заңсыз қызметін уақытында тоқтатпаған құқық қорғау органдарын айыптап отыр.
"Соның салдарынан біраз адам алданды. Мен өзім қиын жағдайға тап болдым", - деп атап өтті Төребаев.
Қазіргі кезде блогер өзін жәбірленуші ретінде тануды талап етіп отыр.
Айта кетері, Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды, бұған дейін олар кепілмен босатылған болатын. Ал Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен. Қазіргі кезде оны іздестіру шаралары басталды.