Әлем

Армения премьері Пашиняннің кортежі жүкті әйелді қағып өлтірді

CC0 / Pixabay / Беременная женщина сложила руки на животе
Беременная женщина сложила руки на животе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашиняннің кортежіндегі автокөлік жабылған жолды кесіп өтпек болған жүкті әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Армения.
Премьер әкімшілігі жаяу жүргіншіні жол полициясы батальонының автоколоннасына ілесіп жүрген көлік қағып кеткенін түсіндірді.
Бұл кезде премьер-министрдің көлігі 100-150 метр қашықта болған, ол жерден болған оқиғаны көру мүмкін емес еді. Бірнеше секундтан кейін премьердің көлігі оқиға орнына жетті.
Премьер-министр жолда жатқан әйелді көріп, жедел жәрдем шақыруды және мән-жайды анықтауды тапсырды. Жедел жәрдем бірнеше минуттан кейін келді, бірақ бәрі кеш еді.
БАҚ марқұмның белгілі ІТ-маман болған 28 жастағы Сона Мнацаканян екенін анықтады.
Ол Гамбургте білім алып, бундестагта жұмыс істеп үлгерген. Содан кейін Сона жел энергетикасына арналған турбиналар шығаратын ірі компанияға шақырту алған. Арменияға оралғаннан кейін, ол жел турбиналарының диагностикасы үшін софт жазатын программистер тобын басқарған.
Внедорожник, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2019
Өңірлер
60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен
Сонаның күйеуі Ашот Варданян – жасанды интеллект зерттеушісі және ІТ-жобалар инвесторы.
"Оның күлкісі әлемдегі ең әдемі күлкі болатын. Мен 8 ай және 2 күн жердегі ең бақытты адам болдым. Кеше оны дүниеге келетін қызымызбен бірге көлік қағып кетті", - деп жазды Ашот желіде.
Сона ерікті ретінде соғыстан зардап шеккен өңірлерде мектептерді қалпына келтіруге атсалысып, жөндеу жұмыстарын қаржыландырған.
Жаңалықтар
0