НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Оралда ер адамның көшеде 60 джиппен не себепті жүргені белгілі болды, деп хабарлайды "Уральская неделя" порталы.
Басылым жалға алған қымбат автокөліктердің иелерімен және полиция қызметкерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, ер адам Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласынан Оралға келіпті. Ол таяуда әйелімен ажырасқан екен. Ерлі-зайыптылар Оралдағы пәтерін сатып, ақшасын бөліп алған. Ертеңінде 60 джипті жалға алып, саунаға атап өтуге барған жерінен ер адамды полиция ұстайды.
Тағы оқыңыз: Оралда ер адам 60 джиптің ортасында көшеде тайраңдап жүрген - видео
Белгілі болғандай, көліктерді бір сағатқа жалға алу құны 15–20 мың теңге шамасында екен.
Басылымның хабарлауынша, тәртіп сақшыларын облыс әкімі резиденциясының күзет қызметі шақырған. Резиденция джиптер жүрген көшеде орналасқан болып шықты.
Айта кетейік, 16 қарашада Оралда көшеде 60 джиппен жүрген ер адам ұсталған еді. Қымбат көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Gelandewagen, Lexus бар. Кейін полиция департаменті хабарлағандай, ерекше кортежге тұрғындар шағым түсірген.