https://sputnik.kz/20220428/aqsh-pen-nato-nyn-ukrainaga-qatysty-zhana-strategiyasy-24540527.html
АҚШ пен НАТО-ның Украинаға қатысты жаңа стратегиясы
АҚШ пен НАТО-ның Украинаға қатысты жаңа стратегиясы
Sputnik Қазақстан
АҚШ Украинадағы ресейлік арнайы әскери операцияны алда-жалда Үшінші дүниежүзілік соғыс туындаған жағдайда өз стратегиясы мен одақтастар коалициясын... 28.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-28T22:49+0500
2022-04-28T22:49+0500
2022-04-29T12:26+0500
украина
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
АҚШ Украинадағы ресейлік арнайы әскери операцияны алда-жалда Үшінші дүниежүзілік соғыс туындаған жағдайда өз стратегиясы мен одақтастар коалициясын қалыптастыру үшін пайдаланып жатыр. Пентагон Киев режиміне қару-жарақ жеткізудің халықаралық логистикасы мен РФ Қарулы күштеріне қарсы әрекет ету әдістерін пысықтап жатыр, деп жазды ресейлік әскри шолушы Александр Хроленко.26 сәуірде АҚШ Әскери-әуе күштерінің Рамштайн авиабазасында 43 елдің қорғаныс министрі қатысқан НАТО мен серіктестердің ерекше саммиті өтті. Пентагон басшысы Ллойд Остин Украинаны бар қажеттімен қамтамасыз ету үшін АҚШ аянып қалмайтынын жеткізді де, шараға қатысушыларды Ресеймен күресуде Украинаға қолдау көрсету үшін күш біріктіруге шақырды.Бір күн бұрын Польшада Остин "Біз Ресейдің әлсірегенін көргіміз келеді" деген болатын. Жалпы Пентагон Украинамен соғыстан кейін әбден әлсіреген Ресейді көруді көксейді. Пентагон басшысы Украина болашақта НАТО-ға кіруі ықтимал екенін жасырмады."Ұжымдық Батыс америкалық әлемнің құлдырағанын мойындағысы келмейді. Ол тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудан жалтарып отыр. Сондықтан Украинаны қорғау тек сылтау ғана. Шындығында, АҚШ пен НАТО өз үстемдігін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Сол себепті бұл жағдайда Укриана жай ғана "шығын материалы". Ал Польша АҚШ әкімшілігімен Батыс Украинамен "бірігу" акциясын талқылап жатыр. Осы туралы РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин хабарлады", - деп жазды Хроленко.Польшаның Батыс Украинадағы болжамды арнайы операциясы НАТО мандатынсыз, "ниет білдірген елдердің" қатысуымен, бірақ АҚШ-пен алдын ала келісім бойынша жүргізіледі. Польшаның "бітімгерлік контингентін" Ресей Қарулы күштерімен етпе-бет келу ықтималдылығы төмен аудандарға бағыттайды. Мұның салдарынан Украина бірнеше бөлікке бөлінуі мүмкін.CNN телеарнасының АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі дереккөзі бұған дейін Вашингтон арнайы операцияны Ресейдің "стратегиялыық жеңілісі" етуді жоспарлаған, ал қазір барлық күш-қуат ресейлік қорғаныс өнеркәсібін әлсіретуге бағытталып отыр. Сондықтан америкалықтар Украинаға қару-жарақ жеткізуді "алдағы ондаған жылдар бойы ресейлік армия мен флотты бейтараптандыруға салынған инвестиция" ретінде қарастырып отыр. Ал украин әскерилері мен қалаларының тағдарына алаңдап жатқан ешкім жоқ. "Серіктеестер" үшін басты мақсат – болашақтың еншісіндегі қақтығыстар кезінде Ресей Қытайға көмектесуге қауқарсыз болатындай деңгейде оны әлсірету.Пентагон басшысының пікірінше, серіктестер "соғыс жылдамдығына сай қозғалуы" керек. Алайда Украинаға 713 миллион долларға батыстан жеткізіліп жатқан қару-жарақ тек ескі броньдалған техника мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қамтып отыр. Америкалықтарда "Стингер" мен "Джавелиндердің" резерві жоқ. Stinger өндірушісі алдағы өндіріске қажетті жабдық тапшылығы туралы мәлімдеді. Өндіріс желісін қайта жабдықтауға бір жылға жуық уақыт кетуі мүмкін.Германия Украинаға 7 километрге ұшатын 50 дана Cheetah зениттік кешенін жеткізеді. Ұлыбритания да өткен ғасырда дайындалған зениттік құралдар жолдайды. 28 сәуірде Бундестаг Украинаға ауыр техника жолдауға рұқсат берді. Жобадағы 40-қа жуық тармақтың әрқайсысы соғыс жариялаумен тең түседі. Бірақ ондаған жыл бойы қорғаныс шығындарын қысқарту ГФР-да әскери дайындықтың дағдарысына алып келді. Бұған Германияның қорғаныс министрі Кристине Ламбрехттің мәлімдемесі дәлел: "Қағаз жүзінде бізде 350 дана Puma жаяу әскерге арналған әскери машина болса, оның тек 150-і пайдалануға жарамды, ал 51 дана Eurocopter Tiger тікұшағының 9-ы ғана әскери тапсырмаларды орындай алады".Лондон украин режимін Ресей аумағына соққы жасауға шақырып, ол үшін 20 километр қашықтыққа арналған Brimstone зымырандарын жолдауға уәде етті. Бірақ бастапқыда тізімде болған 155 миллиметрлі британ гаубицалары белгісіз себеппен жоғалып кетті. Батыс Украина Қарулы күштеріне тозығы жеткен чех, поляк және канадалық әскери техника жолдауды жалғастырып жатыр.Батыс аналитиктерінің бағалауы бойынша, Украинадағы әскери іс-қимыл "апта емес, айларға созылады". The Guardian басылымы "америкалық гаубицалар, неміс пен британ зениттік жүйелерін қоса алғанда батыс қару-жарағы украин жеріне жететін" мамырда қақтығыс шиеленісе түседі."Екі айдың ішінде НАТО елдері Украинаға құны 8 миллиард доллар болатын әскери техника жеткізді. Бірақ нәтиже жоқ. Өткен жылдың тамызында АҚШ Ауғанстанда бағасы 7 миллиард доллар болатын әскери техниканы қалдырып кетті, ал 2005—2021 жылдар аралығында Вашингтонауған қауіпсіздік күштеріне 18,6 миллиард долларға әскери жабдық жеткізген. Сондықтан қомақты қаражат соғыстағы жеңіске кепілдік бола алмайды. Ал украин әскеріне НАТО қару-жарағының небәрі 30%-і жетіп жатыр. Қалғанын Ресейдің дәлдігі жоғары зымырандары жойып жатыр", - деп жазды Александр Хроленко.Украин теміржолының басшысы Александр Камышин Одесса облысының Затока ауылында Днестров лиманы арқылы көпірге кезекті рет зымыранмен соққы жасалғанын және инженерлік құрылыс қиратылғанын хабарлады. Үлкен қашықтыққа арналған дәлдігі жоғары зымырандармен Запорож алюминий комбинатының аумағындағы шетелдік қару-жарақ қоймасы жойылды. Дәл осы жердегі шетелдік жалдамалы әскерилерді дайындау орталығы да қиратылды – 523 адам көз жұмып, 374 әскери жараланды.Отставкадағы француз генералы Жак Гийман Батыс Ресейге санкциялар арқылы қысым көрсетуді тоқтатпаса, ядролық соғыс басталатыны туралы айтты. Француз бейбітшілікті қалайтын АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастырып, жағдайды ушықтырып жатқанына таңданыс білдірді. Генералдың айтуынша, Ресеймен шынайы соғыс бастайтын қаражат Еуропа елдерінде де, Вашингтонда да жоқ.27 сәуірде Ресей парламентінің алдында сөз сөйлеген РФ президенті Владимир Путин "Донбасс пен Украинадағы арнайы әскери операцияның барлық жоспары сөзсіз орындалатынын" айтты. Мәскеу өз шекарасының жанында антиресейлік аумақ құрылуына жол бермейді. Сондықтан бұл әскери іс-шараға шеттен араласатындар тез арада Ресей армиясының нысанасына айналады.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20220324/aqsh-pen-nato-qanday-uade-berip-otyr-23728693.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
АҚШ Украинадағы ресейлік арнайы әскери операцияны алда-жалда Үшінші дүниежүзілік соғыс туындаған жағдайда өз стратегиясы мен одақтастар коалициясын қалыптастыру үшін пайдаланып жатыр. Пентагон Киев режиміне қару-жарақ жеткізудің халықаралық логистикасы мен РФ Қарулы күштеріне қарсы әрекет ету әдістерін пысықтап жатыр, деп жазды ресейлік әскри шолушы Александр Хроленко.
26 сәуірде АҚШ Әскери-әуе күштерінің Рамштайн авиабазасында 43 елдің қорғаныс министрі қатысқан НАТО мен серіктестердің ерекше саммиті өтті. Пентагон басшысы Ллойд Остин Украинаны бар қажеттімен қамтамасыз ету үшін АҚШ аянып қалмайтынын жеткізді де, шараға қатысушыларды Ресеймен күресуде Украинаға қолдау көрсету үшін күш біріктіруге шақырды.
Бір күн бұрын Польшада Остин "Біз Ресейдің әлсірегенін көргіміз келеді" деген болатын. Жалпы Пентагон Украинамен соғыстан кейін әбден әлсіреген Ресейді көруді көксейді. Пентагон басшысы Украина болашақта НАТО-ға кіруі ықтимал екенін жасырмады.
"Ұжымдық Батыс америкалық әлемнің құлдырағанын мойындағысы келмейді. Ол тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудан жалтарып отыр. Сондықтан Украинаны қорғау тек сылтау ғана. Шындығында, АҚШ пен НАТО өз үстемдігін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Сол себепті бұл жағдайда Укриана жай ғана "шығын материалы". Ал Польша АҚШ әкімшілігімен Батыс Украинамен "бірігу" акциясын талқылап жатыр. Осы туралы РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин хабарлады", - деп жазды Хроленко.
Польшаның Батыс Украинадағы болжамды арнайы операциясы НАТО мандатынсыз, "ниет білдірген елдердің" қатысуымен, бірақ АҚШ-пен алдын ала келісім бойынша жүргізіледі. Польшаның "бітімгерлік контингентін" Ресей Қарулы күштерімен етпе-бет келу ықтималдылығы төмен аудандарға бағыттайды. Мұның салдарынан Украина бірнеше бөлікке бөлінуі мүмкін.
CNN телеарнасының АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі дереккөзі бұған дейін Вашингтон арнайы операцияны Ресейдің "стратегиялыық жеңілісі" етуді жоспарлаған, ал қазір барлық күш-қуат ресейлік қорғаныс өнеркәсібін әлсіретуге бағытталып отыр. Сондықтан америкалықтар Украинаға қару-жарақ жеткізуді "алдағы ондаған жылдар бойы ресейлік армия мен флотты бейтараптандыруға салынған инвестиция" ретінде қарастырып отыр. Ал украин әскерилері мен қалаларының тағдарына алаңдап жатқан ешкім жоқ. "Серіктеестер" үшін басты мақсат – болашақтың еншісіндегі қақтығыстар кезінде Ресей Қытайға көмектесуге қауқарсыз болатындай деңгейде оны әлсірету.
Пентагон басшысының пікірінше, серіктестер "соғыс жылдамдығына сай қозғалуы" керек. Алайда Украинаға 713 миллион долларға батыстан жеткізіліп жатқан қару-жарақ тек ескі броньдалған техника мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қамтып отыр. Америкалықтарда "Стингер" мен "Джавелиндердің" резерві жоқ. Stinger өндірушісі алдағы өндіріске қажетті жабдық тапшылығы туралы мәлімдеді. Өндіріс желісін қайта жабдықтауға бір жылға жуық уақыт кетуі мүмкін.
Германия Украинаға 7 километрге ұшатын 50 дана Cheetah зениттік кешенін жеткізеді. Ұлыбритания да өткен ғасырда дайындалған зениттік құралдар жолдайды. 28 сәуірде Бундестаг Украинаға ауыр техника жолдауға рұқсат берді. Жобадағы 40-қа жуық тармақтың әрқайсысы соғыс жариялаумен тең түседі. Бірақ ондаған жыл бойы қорғаныс шығындарын қысқарту ГФР-да әскери дайындықтың дағдарысына алып келді. Бұған Германияның қорғаныс министрі Кристине Ламбрехттің мәлімдемесі дәлел: "Қағаз жүзінде бізде 350 дана Puma жаяу әскерге арналған әскери машина болса, оның тек 150-і пайдалануға жарамды, ал 51 дана Eurocopter Tiger тікұшағының 9-ы ғана әскери тапсырмаларды орындай алады".
Лондон украин режимін Ресей аумағына соққы жасауға шақырып, ол үшін 20 километр қашықтыққа арналған Brimstone зымырандарын жолдауға уәде етті. Бірақ бастапқыда тізімде болған 155 миллиметрлі британ гаубицалары белгісіз себеппен жоғалып кетті. Батыс Украина Қарулы күштеріне тозығы жеткен чех, поляк және канадалық әскери техника жолдауды жалғастырып жатыр.
Батыс аналитиктерінің бағалауы бойынша, Украинадағы әскери іс-қимыл "апта емес, айларға созылады". The Guardian басылымы "америкалық гаубицалар, неміс пен британ зениттік жүйелерін қоса алғанда батыс қару-жарағы украин жеріне жететін" мамырда қақтығыс шиеленісе түседі.
"Екі айдың ішінде НАТО елдері Украинаға құны 8 миллиард доллар болатын әскери техника жеткізді. Бірақ нәтиже жоқ. Өткен жылдың тамызында АҚШ Ауғанстанда бағасы 7 миллиард доллар болатын әскери техниканы қалдырып кетті, ал 2005—2021 жылдар аралығында Вашингтонауған қауіпсіздік күштеріне 18,6 миллиард долларға әскери жабдық жеткізген. Сондықтан қомақты қаражат соғыстағы жеңіске кепілдік бола алмайды. Ал украин әскеріне НАТО қару-жарағының небәрі 30%-і жетіп жатыр. Қалғанын Ресейдің дәлдігі жоғары зымырандары жойып жатыр", - деп жазды Александр Хроленко.
Украин теміржолының басшысы Александр Камышин Одесса облысының Затока ауылында Днестров лиманы арқылы көпірге кезекті рет зымыранмен соққы жасалғанын және инженерлік құрылыс қиратылғанын хабарлады. Үлкен қашықтыққа арналған дәлдігі жоғары зымырандармен Запорож алюминий комбинатының аумағындағы шетелдік қару-жарақ қоймасы жойылды. Дәл осы жердегі шетелдік жалдамалы әскерилерді дайындау орталығы да қиратылды – 523 адам көз жұмып, 374 әскери жараланды.
Отставкадағы француз генералы Жак Гийман Батыс Ресейге санкциялар арқылы қысым көрсетуді тоқтатпаса, ядролық соғыс басталатыны туралы айтты. Француз бейбітшілікті қалайтын АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастырып, жағдайды ушықтырып жатқанына таңданыс білдірді. Генералдың айтуынша, Ресеймен шынайы соғыс бастайтын қаражат Еуропа елдерінде де, Вашингтонда да жоқ.
27 сәуірде Ресей парламентінің алдында сөз сөйлеген РФ президенті Владимир Путин "Донбасс пен Украинадағы арнайы әскери операцияның барлық жоспары сөзсіз орындалатынын" айтты. Мәскеу өз шекарасының жанында антиресейлік аумақ құрылуына жол бермейді. Сондықтан бұл әскери іс-шараға шеттен араласатындар тез арада Ресей армиясының нысанасына айналады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.