Өңірлер

Павлодар тұрғыны өзіне 16 рет пышақ сұққан досын кешірді

© Sputnik / Абзал КалиевПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Сотта прокурор қатаң режимдегі колонияға 8 жылға қамауға ұсыныс жасаған
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Павлодар облыстық мамандырылған ауданаралық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қаралды. Жарақат алған ер адам досын кешірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр 26 сәуірде Павлодар қаласында екі таныс жігіт үйдің кіреберісінде жанжалдасып қалған. Сол кезде 26 жастағы ер адам танысына екі рет пышақ сұққан. Денесін 14 жерден тіліп жіберген. 25 жастағы ер адам шұғыл ауруханаға жеткізілді.
Сотта прокурор жауапқа тартылған қала тұрғынын адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрап, қатаң режимдегі колонияға 8 жылға қамауға ұсыныс жасаған. Сотталушы досына ауыр дене жарақатын салғанын мойындады. Бірақ адам өлтіретін ойы болмағанын айтты.
Ал жәбірленуші онымен бұрыннан бері таныс екенін, өзара татуласқанын және ешқандай талап-тілек қоймайтынын жеткізді. Қатаң жазаға тартпауды өтінді.
Судья "адам өлтіруге оқталу болмады" деген шешімге келді. Әйтпесе, сотталушы өз ойын аяғына дейін жеткізетін еді. Бірақ олай істемеген. Осыған байланысты оның қылмысы денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша қаралды. Жазаны жеңілдететін жайттар да ескерілді.
Атап айтқанда, сотталушы өз кінәсін мойындады және шын ниетпен өкінетінін жеткізді. Жазаны ауырлататын жайттар табылмады. Айыпталушы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылыққа да ілініп, жазасының үштен бір бөлігі қысқартылды.
Осылайша, досына ауыр жарақат салған ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Оқиға
Қазақстан шекарасына жақын ауылда қыз досына бүкіл отбасын өлтіруге көмектесті
Жаңалықтар
0