https://sputnik.kz/20220124/shekara-auyl-qyz-qylmys-19202762.html
Қазақстан шекарасына жақын ауылда қыз досына бүкіл отбасын өлтіруге көмектесті
Қазақстан шекарасына жақын ауылда қыз досына бүкіл отбасын өлтіруге көмектесті
Sputnik Қазақстан
Жасөспірім қыз сүйіктісіне өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен 24.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-24T10:08+0500
2022-01-24T10:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
қыз
шекара
отбасы
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ресейлік полицейлер Омбы облысы Юрьевка ауылында жасалған ауыр қылмысты тергеп жатыр.22 қаңтар таңертең 38 жастағы ауыл тұрғыны, оның 36 жастағы әйелі мен 10 жастағы мүгедек қызы үйінде өлі табылды. Тек екі бала – 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған, деп хабарлайды РЕН ТВ.Бастапқыда 14 жастағы Анна тергеушілерге ата-анасы мен бауырын сақалды ер адам өлтіргенін айтып, тіпті қылмыскердің фотороботын жасауға көмектескен. Алайда көп ұзамай бүтін бір отбасын Аннаның өзі мен оның 17 жастағы сүйіктісі Александр қырып салғаны анықталды.Алдын ала мәліметке сүйенсек, Александр Аннадан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен өгей әкесі екеуінің кездесуіне қарсы болыпты. Ауыр қылмысқа әке-шешенің тыйымы себеп болуы мүмкін.Анна Александрға өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен. Анна үйдің есігін әдейі ашық қалдырған. Жас жігіт түнде үйге пышақпен кірген.Оқи отырыңыз: Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болдыАлександр алдымен қыздың анасын бауыздап, кейін ұйықтап жатқан өгей әкесін өлтірген. Бастапқыда олар Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмды.Аннаның інісі тергеушілерге қылмыс кезінде әпкесі оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтты. Алайда алты жасар бала бәрібір де бәрін көрген, естіген.Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсетті.Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыз, шекара, отбасы
Қазақстан шекарасына жақын ауылда қыз досына бүкіл отбасын өлтіруге көмектесті
10:08 24.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жасөспірім қыз сүйіктісіне өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ресейлік полицейлер Омбы облысы Юрьевка ауылында жасалған ауыр қылмысты тергеп жатыр.
22 қаңтар таңертең 38 жастағы ауыл тұрғыны, оның 36 жастағы әйелі мен 10 жастағы мүгедек қызы үйінде өлі табылды. Тек екі бала – 14 жастағы қыз бен оның 6 жасар інісі аман қалған, деп хабарлайды
РЕН ТВ.Бастапқыда 14 жастағы Анна тергеушілерге ата-анасы мен бауырын сақалды ер адам өлтіргенін айтып, тіпті қылмыскердің фотороботын жасауға көмектескен. Алайда көп ұзамай бүтін бір отбасын Аннаның өзі мен оның 17 жастағы сүйіктісі Александр қырып салғаны анықталды.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, Александр Аннадан бірнеше жас үлкен болған, сол себепті қыздың анасы мен өгей әкесі екеуінің кездесуіне қарсы болыпты. Ауыр қылмысқа әке-шешенің тыйымы себеп болуы мүмкін.
Анна Александрға өгей әкесі оған тиіскенін айтқан. Осыдан кейін ғашықтар қыздың анасы мен өгей әкесін өлтіріп, кек алуды шешкен. Анна үйдің есігін әдейі ашық қалдырған. Жас жігіт түнде үйге пышақпен кірген.
Александр алдымен қыздың анасын бауыздап, кейін ұйықтап жатқан өгей әкесін өлтірген. Бастапқыда олар Аннаның 10 жастағы сіңлісі мен 6 жасар інісін өлтірмейміз деп келіскен. Алайда сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қыз ата-анасының денесін көріп, айғайлай бастаған. Осыдан кейін қыз да көз жұмды.
Аннаның інісі тергеушілерге қылмыс кезінде әпкесі оның көзі мен құлағын жауып тұрғанын айтты. Алайда алты жасар бала бәрібір де бәрін көрген, естіген.
Жауап алу кезінде Аннаның жігіті қыздың ата-анасын қалай өлтіргенін айтып берді. Сондай-ақ қылмыс жасаған қаруы мен қанға боялған киімін де көрсетті.
Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды.