Өңірлер

Өскеменде Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуҰОС ардагері, медаль
ҰОС ардагері, медаль - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Жазылу
Елордада мерекелік отшашу болмайды
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Өскеменде 9 мамырға орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлады жергілікті YK-news.kz порталы.
Жеңіс күні сағат 10:00-де Даңқ мемориалында ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Жиында құттықтау айтылып, гүлшоғын қою рәсімі және мерекелік концерт өтеді.
Сағат 19:00-де Даңқ мемориалында кешкі мерекелік бағдарлама бар.
Сағат 21:00-де "Шам жақ" акциясы өтеді.
22:00-де Даңқ мемориалында отшашу болады.
"Жаужүрек полк" акциясы онлайн форматта өтеді.
Айта кетері, елордада мерекелік отшашу болмайды. "Мәңгілік полк" акциясы елорда мен Ақтауда онлайн форматта өтеді.
Елдің басқа қалаларында да шеру болмайды, тек Байқоңырда Жеңіс күні бірқатар салтанатты іс-шара, соның ішінде Мәңгілік даңқ шеруі өтеді.
Байконыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Байқоңырда Жеңіс күнінде Мәңгілік даңқ шеруі өтеді
Жаңалықтар
0