Байқоңырда Жеңіс күнінде Мәңгілік даңқ шеруі өтеді

© Sputnik / Ляля ЛиловаБайконыр
Байконыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Қалада жеңіс күнін тойлауға дайындық басталды
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Байқоңырда Жеңіс күні бірқатар салтанатты іс-шара, соның ішінде Мәңгілік даңқ шеруі өтеді.
Айта кетері, қала Ресей Федерациясына жалға берілген. Қала әкімшілігінің БАҚ-пен байланыс бөлімі 9 мамырда Байқоңыр қаласында қандай іс-шаралар өтетінін хабарлады.
"Мерекелік іс-шаралар үшке бөлінген: таңғы, түскі және кешкі", - делінген хабарламада.
9 мамыр таңертең митинг пен гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Одан әрі орталық алаңда саппен жүру салтанатты шеруі ұйымдастырылады.
Шеруден кейін бірден Ленин алаңында жергілікті мәдениет мекемесі дайындаған "Ұлы Жеңістің Әліппесі" әдеби-музыкалық композициясы өтеді жоспарланған.
"Жеңіс күнін мерекелеудің маңызды бөлігі "Мәңгілік даңқ"акциясы болмақ", - деп атап өтті Байқоңыр әкімшілігі.
Айта кетері, кез келген адамға "Мәңгілік даңқ" бағанында майданға барған туған-туысының фотосын ұстап тұруға рұқсат берілген.
Ол қатарға 9 мамырда жергілікті ғибадатханада жиналып, қала көшелері арқылы орталық алаңға барады.
Ал Қазақстанның басқа өңірлерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Алайда әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған.
Жаңалықтар
0