Павлодарда лауазымды полицей сотталды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Полицей шетел азаматынан пара ретінде 162 000 теңге ақша алғаны дәлелденді
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Павлодарда көші-қон полициясы бөлімі бастығының орынбасары 3 жылға сотталды.
№ 2 қалалық сотта полиция басқармасы көші-қон полициясы бөлімі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Іс материалына сәйкес, ол 2021 жылғы 21 маусым мен 28 желтоқсан аралығында шетел азаматынан көші-қон заңнамасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және Қазақстан Республикасында уақытша тіркеу анықтамасын бергені үшін пара ретінде жалпы сомасы 162 000 теңге ақша алған.
"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, құжаттық дәлелдемелермен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Прокурор айыпталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Айыпталушы кінәсін мойындап, айыппұл салуды сұрады", - деп жазылған облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетері, пара алғаны үшін Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес үш жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазасы қарастырылған.
Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды – кінәсін толық мойындағанын және залалды өтегенін, өкінгенін, асырауында екі жас баланың болуын, оң мінездемелерін назарға ала отырып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ ол полиция капитаны арнаулы атағынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Өңірлер
Алматыда қылмысты хабарламаған бұрынғы полицей қамауға алынды
Жаңалықтар
0