https://sputnik.kz/20211221/Almaty-qylmys-politsey-18948678.html
Алматыда қылмысты хабарламаған бұрынғы полицей қамауға алынды
Алматыда қылмысты хабарламаған бұрынғы полицей қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Полиция 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бірақ екі басбұзардың зейнеткерлерді тұншықтырып өлтіргенін растаған жоқ 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T21:25+0500
2021-12-21T21:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
полицей
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Алматыда бұрынғы полицей тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы біле тұра, құқық қорғау органдарына хабар бермеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Kozachkov offside Telegram-арнасында аты-жөні көрсетілмеген адамның хабарламасы жарияланды. Онда зейнеткерлерді тонау қылмысына полицейдің қатысы бар екені туралы айтылған. "Учаскелік инспектор бір күн бұрын саяжайды 17 миллион теңгеге сатқан зейнеткерлердің үйін тонауға болатынын екі басбұзарға айтқан. Қылмыскерлер ақшаны ала алмай, зейнеткерлерді тұншықтырып өлтірген. Оларды ұстады, барлығы кінәсін мойындады. Учаскелік инспектордың ақпарат бергенін айтты. Ол кінәсін мойындамай отыр", - делінген хабарламада. Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмыс бойынша 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бірақ зейнеткерлерді тұншықтырып өлтіргенін растаған жоқ."Бұдан бөлек, бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген М. есімді азамат қылмыс туралы білген, бірақ уақытында ақпарат бермеген. Сол үшін жауапқа тартылып отыр. Қазіргі кезде ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда бұрынғы сүйіктісін зорлаған полицей сотталды
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полицей, қылмыс
Алматыда қылмысты хабарламаған бұрынғы полицей қамауға алынды
21:25 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Полиция 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бірақ екі басбұзардың зейнеткерлерді тұншықтырып өлтіргенін растаған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Алматыда бұрынғы полицей тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы біле тұра, құқық қорғау органдарына хабар бермеген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Kozachkov offside Telegram-арнасында аты-жөні көрсетілмеген адамның хабарламасы жарияланды. Онда зейнеткерлерді тонау қылмысына полицейдің қатысы бар екені туралы айтылған.
"Учаскелік инспектор бір күн бұрын саяжайды 17 миллион теңгеге сатқан зейнеткерлердің үйін тонауға болатынын екі басбұзарға айтқан. Қылмыскерлер ақшаны ала алмай, зейнеткерлерді тұншықтырып өлтірген. Оларды ұстады, барлығы кінәсін мойындады. Учаскелік инспектордың ақпарат бергенін айтты. Ол кінәсін мойындамай отыр", - делінген хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмыс бойынша 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Бірақ зейнеткерлерді тұншықтырып өлтіргенін растаған жоқ.
"Бұдан бөлек, бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген М. есімді азамат қылмыс туралы білген, бірақ уақытында ақпарат бермеген. Сол үшін жауапқа тартылып отыр. Қазіргі кезде ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.