Өңірлер

ШҚО-да бұрынғы сүйіктісін зорлаған полицей сотталды  

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы полицейге адам ұрлау, зорлау және бұзақылық баптары бойынша айып тағылды, ал оның қылмысын жасыруға тырысқан әріптестері тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы сүйіктісін зорлаған экс-полицей алты жылға сотталды, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Оқиға екеуінің қарым-қатынас үзгеніне бір жыл өткеннен кейін болған. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам бұрынғы сүйіктісін дүкенде кездестіріп қалған. Әйелді күштеп көлікке отырғызып, әуежай жаққа алып кеткен. Одан кейін ұрып-соғып, зорлаған.  

"Менің тірі қалуым да екіталай. Өйткені ол жол бойы менің өлгенімді қалайтынын айтып келді, үнемі артымнан аңдып, қорқытып жүретін. Міне, соңы осылай аяқталды", - дейді жәбірленуші.

Прокурорлардың айтуынша, әу баста жергілікті полицейлер өз әріптесінің қылмысын жасыруға тырысқан. Зорланған қыз ауруханаға түссе де, бұрынғы жігіті тыныштық бермей, сес көрсеткен.

"Карантин шараларын пысқырмаған ол формасын киіп, облыстық аурухананың төртінші қабатындағы нейрохирургия бөлімшесіне кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Содан дәлізге жүгіріп шығып, терезені сындырып, оқиға орнынан ізін суытқан", - дейді прокурор Әсет Мұқышев.

Алайда ол көп ұзамай қолға түсті. Бұрынғы полицейге ұрлау, зорлау және бұзақылық баптары бойынша айып тағылды. Сот оны алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бірақ ол аппеляциялық шағым түсірді. Аппеляциялық алқа сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ал қылмысты жасыруға тырысқан полицейлер тергеуге алынды.

Жаңалықтар
0