https://sputnik.kz/20220426/aqsh-memlekettik-khatshysy-ukraina-24485526.html
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинаны қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинаны қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Америкалықтар Украинаны құлдыратуды қалайды. АҚШ шенеуніктері күні кеше Киевте болып қайтқаннан кейін бұл кезекті рет расталды. Себебі мемлекеттік хатшы мен... 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T16:08+0500
2022-04-26T16:08+0500
2022-04-27T11:13+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24487372_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_c084df5fe739f40ab8535f79ad89531e.jpg
Америкалықтар Украинаны құлдыратуды қалайды. АҚШ шенеуніктері күні кеше Киевте болып қайтқаннан кейін бұл кезекті рет расталды. Себебі мемлекеттік хатшы мен Пентагон басшысы АҚШ-тың Ресейге қатысты жоспарын ашық жария етті, деп жазды РИА Новости.Бұған дейін ЕО мен кейбір Еуропа елдерінің көшбасшылары украин астанасында болып қайтты. Кезек басты одақтастар – америкалықтарға да жетті. Байден өзі келмесе де, негізгі екі қызметкерді аттандырды: мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин. Америкалық қос шенеуніктің кездесуден кейінгі мәлімдемелеріне назар аудармауға болмайды."Бұл соғыс қаншалықты ұзаққа созылатынын біз білмейміз. Бірақ тәуелсіз әрі егемен Украинаның ғұмыры Владимир Путиндікінен әлдеқайда ұзақ болады. Ақырғы сәтті нәтижеге қол жеткізбейінше біз Украинаны қолдауды тоқтатпаймыз", - деді Энтони Блинкен."Ресейді Украинаға шабуыл жасаған кездегі әрекетін енді ешқашан қайталай алмайтындай деңгейде әлсіретуді көздеп отырмыз. Олар үлкен әскери әлеуетінен айырылды. Біз бұл әлеуетті қайта жаңғыртуға мүмкіндіктері болмағанын қалаймыз", - деді Ллойд Остин.Қорғаныс министрі Зеленский көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс айтып, ол "жеңіске бағыт алғанын", ал "АҚШ олардың жеңіске жетуіне қолдау білдіруге дайын екенін" жетізді:"Олардың мүмкіндіктері тұрғысынан жеңіске деген сенім тап осы жеңіске қарай жасалған алғашқы қадам болып отыр. Сондықтан олар біздің жеңетінімізге сенеді. Ал біз қолында тиімді қару болса, дұрыс қолдау көрсетілсе, олардың жеңетініне сенеміз. Сондықтан қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз".Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс "Путин сәтсіздікке ұшырап, Украина жеңіске жетпейінше біз тыныш таппаймыз" деген болатын. Жалпы англосаксондар Ресейді жеңу мақсат екенін ашық жария етіп қана қоймай, орыс армиясын құлдырату, оны "қазіргі әрекетін ешқашан қайталай алмайтындай әлсірету" екенін де мәлімдеді."Украина жеңіске жетсе, бұл Ресейдің жеңілісін ғана емес, Батыстың жеңісін, орыс әлемінің бір бөлшегін екінші жартысымен соғыстыру арқылы жеткен жеңісін аңғартады. Олар осындай мәлімдемелерге Мәскеу қандай көзқарас танытып отырғанын түсіне ме? Барлығы аяқталған соң, өз беделіне нұқсан келеді деп ойламай ма? Өйткені Ресей бәрібір жеңіске жетеді. Ал АҚШ пен Ұлыбритания билігі бұл жағдайды өз халқына қалай түсіндіретінін ойлануы керек. Себебі Украинаның жеңілісі Киевтің жеңісіне сенім артқан АҚШ пен Ұлыбританияның жеңіліс тапқанын білдіретін болады", - деп жазды автор.Әлде олар жеңілісті жеңіс деп ұсына ма? Мұндайға ең аңғал адамдар сенбесе, батыс емес әлем англосаксондар "Ресейдің жеңілгеніне" өз халын алдап сендіргісі келіп жатқанын бірден түсінеді. Бірақ батыстағылар өз жеңісіне шынымен сенетін секілді. Ал батыстағы әскери сарапшылардың пікірі бұған кереғар: олардың ешқайсысы соғыстың батыс жеңісімен аяқталатыны туралы пікір білдірген жоқ. Батыс небәрі соғысты мейлінше ұзаққа соза алады. Бірақ оның да қалай аяқталатыны қазірден белгілі.Ресейді тек бір жолмен жеңуге болады: ол елдің іштей құлдырап, өзін-өзі жойып жіберуін қамтиды. Алайда, осы сценарийге басымдық беру арқылы батыстағылар қоғамның бірлігін күшейтіп жатыр. Себебі Украинадағы операция мен Владимир Путинді қолдамайтындар өз армиясының жеңіліс тапқанын қаламайды. Өйткені мұның салдары тым ауыр жағдайларға алып келер еді.Англосаксондар салдары ертең өздеріне үлкен шығын мен соққы болып қайтатын әрекетке неге тап бүгін барып отыр? Мұның астарында қандай да бір құпия жоспар жатыр ма?Автор жазғандай, мұнда еш жасырын жоспар жоқ. Батыс орыстарға қатысты агрессиялы өз ұстанымының қақпанына кезекті рет өзі түсіп қалды. Олар "үш күнде Киевті басып ала алмаған" Мәскеу жеңілетініне сенді. Сондықтан Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатпай, Киевті арандатуды әлі де жалғасытырып жатыр.Украина жеңілген кезде Батыс қтала алмайды: себебі қазір бұғып жатқан немесе елеусіз тұрған өте көп проблема қалқып шығады, Батыс алдында жалтаруға келмейтін ішкі саяси және сыртқы саяси сынақ пен өзгерістер туындайды.
https://sputnik.kz/20220418/aqsh-pen-polsha-kaliningrad-manynda-oqu-zhattygu-otkizip-zhatyr-24313320.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24487372_267:0:2998:2048_1920x0_80_0_0_9e1396381df763a623af21cf92700e63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Америкалықтар Украинаны құлдыратуды қалайды. АҚШ шенеуніктері күні кеше Киевте болып қайтқаннан кейін бұл кезекті рет расталды. Себебі мемлекеттік хатшы мен Пентагон басшысы АҚШ-тың Ресейге қатысты жоспарын ашық жария етті, деп жазды
РИА Новости.
Бұған дейін ЕО мен кейбір Еуропа елдерінің көшбасшылары украин астанасында болып қайтты. Кезек басты одақтастар – америкалықтарға да жетті. Байден өзі келмесе де, негізгі екі қызметкерді аттандырды: мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин. Америкалық қос шенеуніктің кездесуден кейінгі мәлімдемелеріне назар аудармауға болмайды.
"Бұл соғыс қаншалықты ұзаққа созылатынын біз білмейміз. Бірақ тәуелсіз әрі егемен Украинаның ғұмыры Владимир Путиндікінен әлдеқайда ұзақ болады. Ақырғы сәтті нәтижеге қол жеткізбейінше біз Украинаны қолдауды тоқтатпаймыз", - деді Энтони Блинкен.
"Ресейді Украинаға шабуыл жасаған кездегі әрекетін енді ешқашан қайталай алмайтындай деңгейде әлсіретуді көздеп отырмыз. Олар үлкен әскери әлеуетінен айырылды. Біз бұл әлеуетті қайта жаңғыртуға мүмкіндіктері болмағанын қалаймыз", - деді Ллойд Остин.
Қорғаныс министрі Зеленский көрсетіліп жатқан көмек үшін алғыс айтып, ол "жеңіске бағыт алғанын", ал "АҚШ олардың жеңіске жетуіне қолдау білдіруге дайын екенін" жетізді:
"Олардың мүмкіндіктері тұрғысынан жеңіске деген сенім тап осы жеңіске қарай жасалған алғашқы қадам болып отыр. Сондықтан олар біздің жеңетінімізге сенеді. Ал біз қолында тиімді қару болса, дұрыс қолдау көрсетілсе, олардың жеңетініне сенеміз. Сондықтан қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз".
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс "Путин сәтсіздікке ұшырап, Украина жеңіске жетпейінше біз тыныш таппаймыз" деген болатын. Жалпы англосаксондар Ресейді жеңу мақсат екенін ашық жария етіп қана қоймай, орыс армиясын құлдырату, оны "қазіргі әрекетін ешқашан қайталай алмайтындай әлсірету" екенін де мәлімдеді.
"Украина жеңіске жетсе, бұл Ресейдің жеңілісін ғана емес, Батыстың жеңісін, орыс әлемінің бір бөлшегін екінші жартысымен соғыстыру арқылы жеткен жеңісін аңғартады. Олар осындай мәлімдемелерге Мәскеу қандай көзқарас танытып отырғанын түсіне ме? Барлығы аяқталған соң, өз беделіне нұқсан келеді деп ойламай ма? Өйткені Ресей бәрібір жеңіске жетеді. Ал АҚШ пен Ұлыбритания билігі бұл жағдайды өз халқына қалай түсіндіретінін ойлануы керек. Себебі Украинаның жеңілісі Киевтің жеңісіне сенім артқан АҚШ пен Ұлыбританияның жеңіліс тапқанын білдіретін болады", - деп жазды автор.
Әлде олар жеңілісті жеңіс деп ұсына ма? Мұндайға ең аңғал адамдар сенбесе, батыс емес әлем англосаксондар "Ресейдің жеңілгеніне" өз халын алдап сендіргісі келіп жатқанын бірден түсінеді. Бірақ батыстағылар өз жеңісіне шынымен сенетін секілді. Ал батыстағы әскери сарапшылардың пікірі бұған кереғар: олардың ешқайсысы соғыстың батыс жеңісімен аяқталатыны туралы пікір білдірген жоқ. Батыс небәрі соғысты мейлінше ұзаққа соза алады. Бірақ оның да қалай аяқталатыны қазірден белгілі.
Ресейді тек бір жолмен жеңуге болады: ол елдің іштей құлдырап, өзін-өзі жойып жіберуін қамтиды. Алайда, осы сценарийге басымдық беру арқылы батыстағылар қоғамның бірлігін күшейтіп жатыр. Себебі Украинадағы операция мен Владимир Путинді қолдамайтындар өз армиясының жеңіліс тапқанын қаламайды. Өйткені мұның салдары тым ауыр жағдайларға алып келер еді.
Англосаксондар салдары ертең өздеріне үлкен шығын мен соққы болып қайтатын әрекетке неге тап бүгін барып отыр? Мұның астарында қандай да бір құпия жоспар жатыр ма?
Автор жазғандай, мұнда еш жасырын жоспар жоқ. Батыс орыстарға қатысты агрессиялы өз ұстанымының қақпанына кезекті рет өзі түсіп қалды. Олар "үш күнде Киевті басып ала алмаған" Мәскеу жеңілетініне сенді. Сондықтан Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді тоқтатпай, Киевті арандатуды әлі де жалғасытырып жатыр.
Украина жеңілген кезде Батыс қтала алмайды: себебі қазір бұғып жатқан немесе елеусіз тұрған өте көп проблема қалқып шығады, Батыс алдында жалтаруға келмейтін ішкі саяси және сыртқы саяси сынақ пен өзгерістер туындайды.