Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ пен Польша Калининград маңында оқу-жаттығу өткізіп жатыр

© SputnikУчения Summer Shield XIV в Латвии
Учения Summer Shield XIV в Латвии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
Пентагон бөлімшелері, поляк әскері мен АҚШ одақтастарының Балтық өңіріндегі іс-қимылы Ресей Қарулы күштерін украин жеріндегі әскери іс-қимыл театрынан назарын бұруды көздейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Бірақ Мәскеу Киев режимінің демилитаризациялау мен денацификациялау бойынша арнайы операцияны шектеулі әскери контингентпен өткізіп жатыр. Ресейдің Балтық және басқа да шекарасы сенімді қорғалған және батыстық "серіктестер" тіс батыра алмайды. Мәскеудегі Жеңіс шеруіне дайындыққа дәстүрлі түрде 11 мың әскери қызметкер мен 200-ден астам әскери техника жұмылдырылғаны көп мәселені аңғартады.
17 сәуірде Польша мен Пентагон әскери бөлімшелері Калининград облысынан 70 километр қашықтықта оқу-жаттығу бастады. Губернатор Антон Алиханов НАТО әскерінің шекарадан басып кіруге талпынысына қатысты Ресей қатаң жауап қайтаратынын ескертті. Әйткенмен, Калининградқа құрлықтан да, теңізден де ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Пентагон Польшаға жеткізілген 5 000 америкалық әскери қызметкер мен F-15 және F-16 жойғыш ұшақтарының нақты мақсатына қатысты ақпарат ұсынбай отыр. Ақ үй америкалық әскер Ресейге сес көрсетіп жатпағанын және украин қақтығысына қатыспайтынын мәлімдеді.
Комплекс ПВО С-400 Триумф заступил на боевое дежурство в Севастополе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Қазақстан мен Ресей бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Сарапшылар бұл қауіпсіздік проблемасын тереңірек түсіну үшін сарапшылар ресейлік әуе-десанттық әскердің екі дивизиясын Канададағы Ванкувер мен Монреальда, сондай-ақ РФ 1-ші танк армиясын Мексикадағы Монтеррейде орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Әрине, бұл АҚШ-қарсы емес, жай өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Эстония мен Ресей жағалауларының маңындағы маневрларға қатысу үшін 15 сәуірде Балтық теңізінің шығыс бөлігіне НАТО жедел әрекет етуге арналған 1-ші тұрақты теңіз тобының (SNMG1) кемелері келді. Альянс жақын күндері "Балтық теңізіндегі одақтастардың қуатын" паш етпек.
Алты кемеден тұратын SNMG1 тобын Нидерланды Король флотының коммодоры Ад ван де Санде басқарып отыр. Дания, Голландия, Ұлыбританиия, Канада фрегаттары (сәйкесінше er Willemoes, De Zeven Provinciën (флагман), Northumberland, Halifax) 150 километр қашықтықта әрекет ететін тозығы жеткен "Гарпун" кемеге қарсы зымырандарымен жабдықталған. SNMG1 құрамындағы Erfurt неміс корветінің бортында теңіз бен жердегі нысаналарды жоюға арналған RBS15 Mk3 зымырандары бар.
Балтық теңізіндегі НАТО кемелерінің барлау жүргізу және байланысты ұстап тұруға арналған өте жақсы техникалық мүмкіндіктері бар. Эстония әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскері жақын уақытта бірлескен оқу-жаттығу өткізетінін хабарлады. Бұл маневрлердің басты мақсаты қарсыластың жағалау аумағын басып алу болмақ.
Бұған дейін Эстония аспанында Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Испания, Түркия, Ұлыбритания, Финляндия және Швециядағы НАТО одақтастары мен серіктестері Ramstein Alloy оқу-жаттығу форматында бір аптаға созылған әскери өзара іс-қимыл өткізді.
18 сәуір мен 27 мамыр аралығында Латвияда НАТО бөлімшелерінің қатысуымен Namejs 2022 ауқымды әскери маневрінің көктемгі кезеңі өтіп жатыр. Жалпы мақсат – қорғаныс мәселелерін шешу үшін ұлттық және одақтас күштердің өзара іс-қимылын интеграциялау. Оған АҚШ, Чехия, Польша, Ұлыбритания, Литва және Эстония қарулы күштерінің бөлімдері қатысып жатыр.
"Рига Балтық өңірінде Ресейді тежеумен шектеліп отырған жоқ. Латвия қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштеріне құны 200 миллион еуродан асатын қаражатқа "Стингер" зениттік зымыран кешенін және барлауға арналған пилотсыз ұшатын аппарат жеткізіп, украин мамандарын бұл әскери техниканы басқаруға үйретіп жатыр", - деп жазды Хроленко.
Международные учения Sea Breeze - 2019 в Одессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
НАТО Норвегия аумағында ауқымды оқу-жаттығу өткізіп жатыр
Литва барлық әскери жобаны жүзеге асыруды үдетіп жатыр. 14 сәуірде республикадағы Сейм шұғыл тәртіпте Руднинкай полигоны туралы заңды бекітіп, қазір жаңа инфрақұрылымды жобалу және салу бойынша жұмыстар басталды. Сонымен қатар қоғамдық пайдалану үшін 48 жеке меншік жер телімін тәркілеу шарасы басталды.
18 сәуірде Мәскеу Украинадағы арнайы әскери операция жоспарға сай жүріп жатқанын растады. АҚШ әскери-теңіз аналитикалық орталығы өткен жылы-ақ Калининград облысына соққы жасауды қарастыратын сценарий әзірлеген.
Сарапшының пікірінше, ол негізінен қорғаныс шебінің төрт негізгі құрауышын, атап айтқанда "Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешенін, Балтық флотының зымыран кемелерін, С-400 зениттік зымыран жүйелерін және армия корпусын жоюды қарастырады. Ресей осы және басқа да агрессиялы жоспарды есепке алып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0