Оқиға

Қызылорда облысында қатты желдің салдары белгілі болды

© ДЧС Кызылординской областиҚызылорда облысында ғимарат шатырын жел ұшырды
Қызылорда облысында ғимарат шатырын жел ұшырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Жаңақорған аудан орталығында бес әкімшілік ғимарат пен екі қабатты тұрғын үй шатырын жел ұшырып әкетті
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Елдің оңтүстігінде жексенбінің екінші жартысында басталған жел алты ғимаратты - бес әкімшілік нысан мен бір қос қабатты тұрғын үйді шатырсыз қалдырды.
"18 м/с жылдамдықпен соққан жойқын жел салдарынан Жаңақорған ауылында бес әкімшілік ғимарат пен екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры жұлынды", - деп хабарлады Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті.
51-мектептің үш қабатты ғимаратының шатыры ұшты – алдын ала болжам бойынша жалпы аумағы 2 398 шаршы метр жабынның шамамен 500 шаршы метрі ұшқан.
Аудандық ветеринарлық зертхана шатырсыз қалды деуге болады – мұнда 380 шаршы метр шатырды жел ұшырып әкетті.
Ал жергілікті әкімдіктің үш қабатты ғимаратында 600 шаршы метр кәсіби шатыр төсемесі ұшты. Бұл шатыр жабынының шамамен 80%-і.
"Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі" ғимаратының шатырына қатты зақымданды. Сонымен қатар жел салдарынан аудандық қаржы бөлімінің ғимаратына да залал келді.
Алтынсарин көшесі, 21 мекенжайында орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 210 шаршы метр шатыры да желге ұшты (шатырдың жалпы аумағы 490 шаршы метр).
Табиғаттың дүлей мінезінен адам шығыны тіркелген жоқ. Дегенмен тиісті ведомство өкілдері тұрғындардан сақ болуды сұрайды. Қызылорда облысында ауа райы әлі қалыпқа келген жоқ.
Еске салсақ, Түркістан облысында қатты жауған жауын-шашын салдарынан бес елді мекен ағынды су астында қалды.
Жел, үйдің шатыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Оқиға
Кентауда бірқатар ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
Жаңалықтар
0