https://sputnik.kz/20220425/kentauda-birqatar-gimarat-zhel-24431976.html
Кентауда бірқатар ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
Кентауда бірқатар ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
Sputnik Қазақстан
Қазір жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жел салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T11:03+0500
2022-04-25T11:03+0500
2022-04-25T11:07+0500
оқиға
кентау
ғимарат
жел
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429595_0:64:750:486_1920x0_80_0_0_0f48eb1c16fd37601a762b65d2d29e71.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында дауыл болып, бірқатар ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Түркістан облысы төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, Кентауда жылдамдығы 24 м\с дауыл болған. "Қатты жел салдарынан ғимараттардың шатыры ұшқан. Бес қабатты Кентау қаласы полиция бөлімі ғимаратының 300 шаршы метр шатыры ұшқан – ғимараттың жалпы ауданы 800 шаршы метр. Алтынсарин көшесінде орналасқан үш қабатты Рысқұлов атындағы 24 мектептің 200 шаршы метр шатыры ұшқан. Екі қабатты "Жұлдыз" балабақшасы ғимаратының 100 шаршы метр шатыры ұшқан", - деді Ерік Сарыбаев. Сондай-ақ, қалада Уәлиханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 110 шаршы метр шатыры, Абылай хан көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің 240 шаршы метр шатыры ұшқан. Алдын ала ақпарат бойынша жел салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жел салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрылды, олар шығын көлемін есептейді.Айта кетері, бұған дейін Түркістан облысында Қазығұрт және Сарыағаш ауданында бес елді мекенді су басқаны хабарланды. Қазығұрт ауданында Жіңішке ауылында 15 үйдің ауласына су кірген. Су деңгейі – 15-25 сантиметр. Қызылсеңгір ауылында 17 үйдің ауласына, 6 сарайға су кірген. Бұл жерде де судың деңгейі 15-25 сантиметр. Шанақ ауылында 12 үйдің ішіне су кірген, су деңгейі 25-35 сантиметр. Осы елді мекеннен 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Заңғар ауылында 15 үйдің ауласын, 6 үйді, 10 сарайды су басқан. Су деңгейі 25-35 сантиметр. Сарыағаш ауданында Бағыс ауылында алты үйдің ауласына су кірген. Су деңгейі – 15-25 сантиметр. Қазір өңірлерде су сору жұмыстары аяқталды.
кентау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/19/24429595_9:0:741:549_1920x0_80_0_0_d06f876e3bf485c1e3e85bfed4c4116c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кентау, ғимарат, жел
Кентауда бірқатар ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
11:03 25.04.2022 (жаңартылды: 11:07 25.04.2022) Қазір жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жел салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында дауыл болып, бірқатар ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түркістан облысы төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, Кентауда жылдамдығы 24 м\с дауыл болған.
"Қатты жел салдарынан ғимараттардың шатыры ұшқан. Бес қабатты Кентау қаласы полиция бөлімі ғимаратының 300 шаршы метр шатыры ұшқан – ғимараттың жалпы ауданы 800 шаршы метр. Алтынсарин көшесінде орналасқан үш қабатты Рысқұлов атындағы 24 мектептің 200 шаршы метр шатыры ұшқан. Екі қабатты "Жұлдыз" балабақшасы ғимаратының 100 шаршы метр шатыры ұшқан", - деді Ерік Сарыбаев.
Сондай-ақ, қалада Уәлиханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 110 шаршы метр шатыры, Абылай хан көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің 240 шаршы метр шатыры ұшқан. Алдын ала ақпарат бойынша жел салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қазір жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жел салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрылды, олар шығын көлемін есептейді.
Айта кетері, бұған дейін Түркістан облысында Қазығұрт және Сарыағаш ауданында бес елді мекенді су басқаны хабарланды. Қазығұрт ауданында Жіңішке ауылында 15 үйдің ауласына су кірген. Су деңгейі – 15-25 сантиметр. Қызылсеңгір ауылында 17 үйдің ауласына, 6 сарайға су кірген. Бұл жерде де судың деңгейі 15-25 сантиметр.
Шанақ ауылында 12 үйдің ішіне су кірген, су деңгейі 25-35 сантиметр. Осы елді мекеннен 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Заңғар ауылында 15 үйдің ауласын, 6 үйді, 10 сарайды су басқан. Су деңгейі 25-35 сантиметр. Сарыағаш ауданында Бағыс ауылында алты үйдің ауласына су кірген. Су деңгейі – 15-25 сантиметр. Қазір өңірлерде су сору жұмыстары аяқталды.