https://sputnik.kz/20220425/otbasy-banki-zhaldamaly-pater-aqysy-24433311.html
Отбасы банкінің басшысы мемлекет жалдамалы пәтер ақысын қашан беретінін айтты
Отбасы банкінің басшысы мемлекет жалдамалы пәтер ақысын қашан беретінін айтты
Sputnik Қазақстан
Жақында жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет тарапынан өтеу бағдарламасы іске қосылды 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T11:41+0500
2022-04-25T11:41+0500
2022-04-25T11:44+0500
қоғам
отбасы
банк
жалдамалы баспана
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743396_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_3955c548ecb235019c432c4448141a4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова жалдамалы пәтер ақысының жартысы қай кезден бастап бюджеттен өтелетінін айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жақында жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет тарапынан өтеу бағдарламасы іске қосылды. Ал Отбасы банкі негізгі операторы ретінде бекітілді. Банк бюджет қаржысын үлестіреді. Осыған байланысты өтінімдерді онлайн режимде қабылдайтын арнайы платформа іске қосылды. Оған әлеуметтік осал топтың төрт санатына (I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, сондай-ақ, көпбалалы отбасылар) кіретін адамдар өтініш жібере алады. Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға қатыса алатын 17 мың үміткерге SMS-пен шақыру жіберілді. Олар қажетті құжаттарды жинауға кірісті.Жалпы, бағдарлама аясында 70 мың адамның жалға алып отырған пәтер ақысының жартысын төлеп отыру жоспарланып отыр. Оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 50 миллиард теңге бөлінеді. Айта кетері, бағдарламаның негізгі талабына сәйкес, отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни, 36 018 теңгеден аспауға тиіс. Мысалы, үйде төрт адам болса, барлық отбасының табысы 144 072 теңгеден (4×36 018) артық болмауы шарт. Сонда ғана мемлекет жалдамалы пәтер ақысының жартысын өтейді.Бағдарламаны келесі жылда жалғастыру мәселесі қаралып жатыр.
https://sputnik.kz/20220424/zhalga-alatyn-uy-manyzdy-10-suraq-24422748.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743396_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_e41a6d2a0c820ddb4f260957dbdf0feb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы пәтер баспана аренда арендное жилье отбасы банк субсидия
жалдамалы пәтер баспана аренда арендное жилье отбасы банк субсидия
Отбасы банкінің басшысы мемлекет жалдамалы пәтер ақысын қашан беретінін айтты
11:41 25.04.2022 (жаңартылды: 11:44 25.04.2022) Жақында жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет тарапынан өтеу бағдарламасы іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова жалдамалы пәтер ақысының жартысы қай кезден бастап бюджеттен өтелетінін айтты , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет тарапынан өтеу бағдарламасы іске қосылды. Ал Отбасы банкі негізгі операторы ретінде бекітілді. Банк бюджет қаржысын үлестіреді. Осыған байланысты өтінімдерді онлайн режимде қабылдайтын арнайы платформа іске қосылды.
Оған әлеуметтік осал топтың төрт санатына (I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, сондай-ақ, көпбалалы отбасылар) кіретін адамдар өтініш жібере алады.
Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға қатыса алатын 17 мың үміткерге SMS-пен шақыру жіберілді. Олар қажетті құжаттарды жинауға кірісті.
"Ертең, 26 сәуірден бастап тағы 23 мың үміткерге SMS жолдап, өтініш беруге шақырамыз. Жалдау шарттары бойынша жасалатын төлемді республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат түскеннен кейін маусым айында бастауды жоспарлап отырмыз", - деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жалпы, бағдарлама аясында 70 мың адамның жалға алып отырған пәтер ақысының жартысын төлеп отыру жоспарланып отыр. Оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 50 миллиард теңге бөлінеді.
Айта кетері, бағдарламаның негізгі талабына сәйкес, отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни, 36 018 теңгеден аспауға тиіс.
Мысалы, үйде төрт адам болса, барлық отбасының табысы 144 072 теңгеден (4×36 018) артық болмауы шарт. Сонда ғана мемлекет жалдамалы пәтер ақысының жартысын өтейді.
Бағдарламаны келесі жылда жалғастыру мәселесі қаралып жатыр.