https://sputnik.kz/20220425/deputat-auyl-el-besigi-zhobasy-24432760.html
Депутат "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыратын шенеуніктерді сынға алды
Депутат "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыратын шенеуніктерді сынға алды
Sputnik Қазақстан
Алдағы екі жыл ішінде тірек ауылдарды жобалармен толығымен қамту қажет, дейді Рау 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T11:24+0500
2022-04-25T11:24+0500
2022-04-25T11:27+0500
экономика
депутат
ауыл
https://sputnik.kz/img/old/728/01/7280107_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_cb833a112c6347244a17a128b8b2dba2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Альберт Рау "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру кезіндегі проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат жоба аясында 6 316 ауылдық елді мекеннің ішінен 3,5 мың ауыл іріктелгенін атап өтті. Оның ішінде 1 173 – тірек ауыл және 2 388 – серіктес елді мекендер. Алайда, Раудың айтуынша, үш жыл ішінде бағдарламаның игілігін тек 665 ауыл ғана көрген. "Мемлекеттік органдар "жаңғыртылған ауыл" дегенді басқаша түсінеді. Егер ауылда бір жоба жүзеге асса, оған жақын арада қайтып оралмаймыз деген пікір бар екен. Сонда "жаңғыртылған ауыл" деген осы ма? Барлық стандарт орындалған, жалпақ тілмен айтқанда, бүкіл проблема шешілген ауылды ғана "жаңғыртылған ауыл" деп атау керек", - дейді Рау мәжілістегі үкімет сағатында. Оның пікірінше, алдағы екі жыл ішінде тірек ауылдарды жобалармен толығымен қамту қажет. Сондай-ақ депутат шенеуніктер жобаны жүзеге асырғанда сапаға емес, санға мән беретінін айтты. Депутат экономикалық әлеуеті, дамыған инфрақұрылымы бар ауылдар жобаға енбей қалғанын айтты. Өйткені олар тірек ауылдан 18 шақырым алыста орналасқан, ал бағдарлама бойынша 15 шақырымнан аспауға тиіс. Бұл ретте Рау қазіргі тізім мен стандарттарды өзектендіру қажет деп есептейді.Бұған қоса, ол өңірлерде қаржы бөлу кезінде жүйелілік жоқ екенін атап өтті. Мәселен, облыстың бір ауданында бірнеше жоба жүзеге асырылса, қалған ауылда бір де бір жоба орындалмайды. Раудың пікірінше, жобаларды қаржыландыруда жүйеліліктің болмауы бюджет ақшасының оңды-солды шашылуына және тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады.
https://sputnik.kz/20220425/auyl-el-besigi-zhobasy-24430261.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/728/01/7280107_177:0:1957:1335_1920x0_80_0_0_b02c6031f2df7a0ba3df7217fa673e0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алберт рау депутат мәжіліс мажилис ауыл ел бесігі бесиги
алберт рау депутат мәжіліс мажилис ауыл ел бесігі бесиги
Депутат "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыратын шенеуніктерді сынға алды
11:24 25.04.2022 (жаңартылды: 11:27 25.04.2022) Алдағы екі жыл ішінде тірек ауылдарды жобалармен толығымен қамту қажет, дейді Рау
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Альберт Рау "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру кезіндегі проблемаларды көтерді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат жоба аясында 6 316 ауылдық елді мекеннің ішінен 3,5 мың ауыл іріктелгенін атап өтті. Оның ішінде 1 173 – тірек ауыл және 2 388 – серіктес елді мекендер. Алайда, Раудың айтуынша, үш жыл ішінде бағдарламаның игілігін тек 665 ауыл ғана көрген.
"Мемлекеттік органдар "жаңғыртылған ауыл" дегенді басқаша түсінеді. Егер ауылда бір жоба жүзеге асса, оған жақын арада қайтып оралмаймыз деген пікір бар екен. Сонда "жаңғыртылған ауыл" деген осы ма? Барлық стандарт орындалған, жалпақ тілмен айтқанда, бүкіл проблема шешілген ауылды ғана "жаңғыртылған ауыл" деп атау керек", - дейді Рау мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның пікірінше, алдағы екі жыл ішінде тірек ауылдарды жобалармен толығымен қамту қажет. Сондай-ақ депутат шенеуніктер жобаны жүзеге асырғанда сапаға емес, санға мән беретінін айтты.
"Республикалық бюджеттен аудандық аурухананы жөндеуге бөлінген ақшаны неғұрлым көп жобаны қамту үшін қайта бөлгені анықталды. Менің ойымша, бұл жағаұстатарлық жағдай", дейді мәжілісмен.
Депутат экономикалық әлеуеті, дамыған инфрақұрылымы бар ауылдар жобаға енбей қалғанын айтты. Өйткені олар тірек ауылдан 18 шақырым алыста орналасқан, ал бағдарлама бойынша 15 шақырымнан аспауға тиіс. Бұл ретте Рау қазіргі тізім мен стандарттарды өзектендіру қажет деп есептейді.
Бұған қоса, ол өңірлерде қаржы бөлу кезінде жүйелілік жоқ екенін атап өтті. Мәселен, облыстың бір ауданында бірнеше жоба жүзеге асырылса, қалған ауылда бір де бір жоба орындалмайды.
Раудың пікірінше, жобаларды қаржыландыруда жүйеліліктің болмауы бюджет ақшасының оңды-солды шашылуына және тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады.