Экономика

"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында елді мекендерге тағы 670 млрд теңге бөлінеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАуыл
Ауыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Қазір республикада 6 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар, онда сегіз миллионға жуық адам тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында елді мекендерде инфрақұрылым мәселесін шешу үшін тағы 670 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7 769,8 мың адам тұрады. Осы ауылдардың арасынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктеліп алынған. Оның 1 171-і – тірек ауылдар және олардың айналасында 2 368 спутниктік ауыл.
"2019-2021 жылдары 206 млрд теңге бөлініп, 2,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды. Бұл 250 тұрғын үй-коммуналдық, 676 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1,7 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы нысанын жаңғыртуға мүмкіндік берді", - деді Қуантыров мәжілістегі үкімет сағатында.
Ал биыл, айтуынша, даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 95 жобаны, 313 әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде 123 білім беру, 51 денсаулық, 62 мәдениет және 77 спорт жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 506 көлік инфрақұрылымы жобасы іске асырылады.
"Алдағы 4 жылда ауылдық елді мекендердің инфрақұрылым мәселелерін шешуге тағы 670 миллиард теңге қажет. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 миллион тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді", - деді министр.
Сондай-ақ президенттің тапсырмасына сәйкес "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында батыс және оңтүстік облыстардағы ауылдарға 20 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ақшаға мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары салынады және жөндеуден өтеді.
Жаңалықтар
0