Экономика

"Самұрық-Қазына" енді рубльмен қаржыландыруды қарастырмайды

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына""Самұрық-Қазына "қоры
Самұрық-Қазына қоры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
"Самұрық-Қазына" қоры компанияларын рубльмен қаржыландыру құны Ресейге қарсы санкцияларға байланысты айтарлықтай өзгерді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы ресейлік банктерге қарсы санкцияларға байланысты рубльмен қаржыландыруды тарту жоспарына түзету енгізді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі – экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева айтты.
"Иә, шынымен де, бұрын рубльмен қаржыландыру қор компаниялары үшін өте өзекті болатын. Өйткені Ресейдің Орталық банкі бекіткен қаржыландыру ставкасы айтарлықтай тартымды болды", - деді ол брифингте.
Тұрақты валютада қарыздары бар компаниялар өздерінің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін көбінесе рубльмен қайта қаржыландыратын. Бірақ қазір, басқарушы директордың айтуынша, "жағдай өзгерген".
"Рубльмен қаржыландыру құны өзгерді, ресейлік банктерге қарсы санкциялық тәуекелдер әжептәуір өсті. Сондықтан рубльмен қаржыландыру енді қарастырылмайды", - деп мәлімдеді ол.
Бағдат Мусин - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Қазақстан Сбер платформасынан бас тарта ма – министр жауабы
Жаңалықтар
0