Өңірлер

Павлодар мектебіндегі қатты өрт кезінде оқушы зардап шекті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиПавлодар мектебіндегі өрт
Павлодар мектебіндегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Эксклюзив
Жедел жәрдемді қыздың ата-анасы шақырған
ПАВЛОДАР, 22 сәуір – Sputnik. Павлодар мектебінде болған өрттен кейін 8-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Кеше, 21 сәуір сағат 19.28-де облыстық балалар ауруханасына №28 мектепте оқитын 2007 жылы туған оқушы түскен. Эвакуациядан кейін қыз үйіне барған. Кейін ауруханаға жеткізілген.
Мектептен үйіне барған қыздың басы ауырған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырды. Қызды облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне "улы газбен улану" диагнозымен жатқызды, делінген білім басқармасының баспасөз хабарламасында.
"Қыздың жағдайы тұрақты, ол инфузиялық терапия алады", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстанға.
21 сәуір күні таңертең сабақ басталғанда Павлодардағы № 28 мектеп өртенді. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 оқушы. 1975 жылы туған физика пәнінің мұғалімі зардап шекті. "Орташа ауырлықтағы улы газбен улану" диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Асхат Аймағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Оқиға
Аймағамбетов Павлодар мектебіндегі өрт туралы: бір мұғалімге көмек қажет
Жаңалықтар
0